09:31 Құндылық қадамы | |
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Жалпы адамзаттық құндылықтар дегеніміз не? Қазіргі таңда жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығы айтпаса да белгілі, яғни өмір сүру құқығы, еңбек ету, білім алу, теңдік, еркіндік, меншік, балаларға деген махаббат, үлкендерді сыйлау, жақыныңа жанын ашу, отансүйгіштік, кәсіпкерлік, қауіпсіздік, адалдық, т.б. барлық адамзат баласы үшін ортақ құндылық. Оқыту үрдісінде жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу – адамның рухани өсуінің кепілі. Мәңгілік құндылықтар – білімнің негізгі өзегі. Жалпы адамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – осы мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.
Ұлттық құндылықтарды қалай түсінеміз? Ұлттық құндылықтар – жалпы адамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Ұлттық құндылық – белгілі бір ұлттың мүддесіне, таным-түсінігіне бағытталған мәнділік. Әр ұлт өзіндік дүниетанымы, ойлау түрі, мәдениеті, ұлттық санасымен ерекшеленеді. Тарихи іріктеуден өткен адамның рухани және материалдық құндылықтары ұлттық менталитетті құрайды. Ұлттық құндылықтар – тарихи өзіндік ерекшелігі бар этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеяларының жиынтығы, яғни туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырым-тыйымы арқылы ұлттың болмысын, өзіндік ерекшелігін көрсететіні анық.
Ұлттық құндылықтарға не жатады? Бір ұлтты басқа ұлттан ерекшелейтін – оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, әдеби мұрасы, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері екені белгілі. Кез келген адам өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезініп, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды, ұлттық менталитетті бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттың тарихы мен өткеніне, бүгіні мен болашағына деген көзқарасы, ана тілін меңгеруге, халық мәдениетіне, ұлттық мүдделеріне құрметпен қарауға мүдделі. Өйткені ұлттық құндылықтардың әлемдік мәдениеттің қазынасында елеулі орны барын білуі тиіс. Сонымен қатар басқа ұлттармен қарым-қатынасты қалыптастыруға ұмтылып, ұлтаралық сыйластық пен ауызбіршіліктің нығаюына өз үлесін қосады. Қазіргі таңда ұлттық жәдігерлерді келер ұрпаққа жеткізу үшін мемлекет тарапынан да елеулі істер атқарылуда. Соның ең маңыздысы – ана тілге деген құрмет. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті», - деп Ахмет Жұбанов атамыз айтқандай, әрбір қазақстандық қазақ тілін қастерлеп, ана тілімізде таза әрі жетік сөйлеуді меңгерсе, білімі, тәрбиесі, еліміздің тарихы мен дәстүрін құрметтейтіні анық. Өйткені, өз тілін меңгермеген адам өз елінің өткені мен болашағын да бағамдай алмайтыны белгілі. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттығымыз бен ұлылығымызды көрсететін тарихи құндылықтарды насихаттайтын «Ұлы далнаың жеті қыры» атты мақаласы бар. Осы мақалада Н.Ә.Назарбаев: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы», - деп жазған еді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
