09:57
Құндылық қадамы

КІШІПЕЙІЛДІЛІК

Әңгіме  

#3 // Жақсылыққа жақсылық

Ертеде анасы мен баласы бақытты өмір сүріпті.

Бір күні анасы қатты ауырып қалады. Емшілер анасын емдеу үшін «жалбыз» шөбі керектігін айтады.

Анасы баласына:

- Балам, бұл шөп алтын бұлақтың басында өседі, - дейді.

Бала алтын бұлақты іздеуге шығады. Бала жолда келе жатып, жүгі аттан аударылып қалған қартқа кездесіп, көмектеседі. Қарт алғысын айтып, алтын бұлаққа жол сілтейді. Одан келе жатып, қарт әжеге кездеседі. Бала әжейдің қолтығынан демеп, атына мінуіне көмектеседі. Әже батасын беріп, алтын бұлақтың қайда екенін айтады. Бала қуанып, жүгіріп келе жатса:

- Балақай, балақай, көзімді ашып жіберші! – деген бұлақ даусын естиді. Бала судағы тастарды тазалап, бұлақтың көзін ашады. Бұлақ мөп-мөлдір таза ерке мінезбен сылдыр қағып, аға жөнеледі.

Бұлақ: Балақай, рақмет саған! «Жақсылыққа – жақсылық» - деген, менен не қалайсың? – дейді еркелей. Бала бұлақ жағасынан «жалбыз» шөбін теріп алуды өтінеді. Шөпті қуанып теріп алады да, анасына әкеліп береді. Шөп анасының ауруына шипа болып, ауруынан жазылып, бақытты өмір сүрген екен.

 

#4 // Өшіргіш пен Қарындаштың айтысы

Өшіргіш пен Қарындаш өте жақын дос болды,

Бәрін бзған айтыс та осы жерден басталды.

Келіп міне өшіргіш қарындашқа мақтанды.

Қарындаш та қосылып, ашуланып қақталды.

Сонда өшіргіш: «Қорықпаймын өзіңнен,

Жазуыңды өшірем. Қатеңді де жоямын,

Сондықтан да мықты мен! Түсіндің бе, Қарындаш?

Түк білмейтін Ұзынбас!» деп Өшіргіш сайрады,

Сонда Қарындаш айтады: «Мақтанасың неге сен,

Мақтаншақты мен сендей, өмірімде көрмеп ем.

Жүгінесің тіліңе, Қарамайсың ісіңе.

Тәртіпсіздік көрсету, жараса ма ісіңе?»

Ашу қызып, тарады. Өшіргіш шыдамай барады.

Мен дегендер соңында, жалғыз болып қалады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: