18:22
Құндылық қадамы

КІШІПЕЙІЛДІЛІК

Ұзақ мерзімді іс-шара

#3

Атауы: «Бүгін мен қарапайым бола аламын...»

Уақыты: 1 ай

Қажетті материалдар: қолдан күнтізбе жасау

Орындалуы: Балалар мінез-құлқын дамыту үшін күнделікті ескертуді қажет етеді. Ескі күнтізбені пайдаланыңыз немесе бос күнтізбе бетін басын шығарып, оның жоғарғы жағына: «Мен бүгін қарапайым бола аламын...» тақырыбын жазу қажет. Балаларға ай сайын кішіпейілділік үлгісін толтыруға көмектесіңіз. Келесідей мысалдар ұсынамыз: біреуге жаңа нәрсе білу үшін көмектесу, бір жерге кірерде өзінен жасы үлкен адамға есік ашып беру, мектептегі тазалық қызметкеріне алғысын білдіру және т.б.

Қорытынды: Балаларға арнайы күнтізбе толтыру арқылы, кішіпейілділік қасиетін бойында күнделікті дамытып отыруға жағдай жасау. Оқушыларға кішіпейілділігін білдіру үшін үлкен заттар ғана емес, күнделікті кішігірім сыйластық әрекеттерін білдіру де жеткілікті.

 

АТА-АНАМЕН ІС-ШАРА

Атауы: «Жақсылық марафоны (kindness boomerang)»

Уақыты: 2-3 апта

Түрі: марафон

Орындалуы: Оқушы ата-анасымен бауырсақ немесе пирог секілді бір тіске басар дайындап, ең жақын тұратын сыныптасына тосын сый жасайды. Күтпеген жерден жақсылық көрген досы осы істі сол сәтте жалғастыруы тиіс. Осылайша бірнеше апта бойы марафон жалғаса береді. Марафон аяқталған соң әр оқушы сынып жетекшісімен бірге өз ойларымен бөліседі. Марафонның мақсаты: кез келген досына ақысыз жақсылық жасай алу, жасаған жақсылығының ақысын күтпеу және жақсылық жасауда адам таңдамауды үйрену.

Қорытынды: Балада ақысыз, қайтарым күтпей, жақсылық жасау дағдысы қалыптасады.

 

ҰЖЫММЕН ЖҰМЫС

Атауы: Алғыс себеті

Уақыты: 1 ай

Түрі: челледж

Орындалуы: Мектептегі ұжымды жақындығы бойынша бөлен жөн. Мысалы: асханашылар, тазалықшылар, есепшілер, гуманитарлық пән мұғалімдері, техникалық пән мұғалімдері және т.б. Әр топтың реттік нөмірі анықталуы керек. Бірінші реттік нөмірдегі ұжым себетке өздері қалаған дәм-тұздарын салып, оны беріп жатқан ұжымға алғыс сөздерін жазады. Мысалы, тазалықшылар себетке жеміс-жидек салып, асханашыларға беретін болса, оның ішінде «мектебіміздегі дәмді тамақтар үшін рақмет» деген жазумен берсе болады. Дәл осы челледж жыл бойы қайталанып, әрбір мектептің дәстүрлі іс-шарасына айнала алады.

Қорытынды: мектеп ұжымының бір-біріне сыйластығы артып, кішіпейілдігі ұлғаяды.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: