16:00
Құндылық қадамы

КІШІПЕЙІЛДІЛІК

Ұзақ мерзімді іс-шара

#1

Атауы: «Ұлық болсаң, кішік бол»

Уақыты: 1 ай

Түрі: кітап оқу

Қажетті материалдар: кішіпейілділік тақырыбына ертегілер, әңгімелер табу

Орындалуы: Мұғалім оқушыларға кішіпейілділік ұғымы жайлы түсінік береді. Түсіндірмелі тәрбие сағаты жүргізілгеннен кейін әрбір оқушы кішіпейілділік жайлы, кішіпейілділік көрсету жайлы әңгіме немесе ертегі табуға тапсырма береді. Күніне 10-15 минут кітап оқуға уақыт бөліп, сол уақытта бір оқушы тауып әкелген әңгімесін сыныпқа оқып береді, келесі күні басқа оқушы оқиды. Әңгіме оқып болғаннан кейін, мұғалім оқушылармен бірге талқылау жұмысын жүргізеді. Осылайша бұл шара бір ай бойы өткізіледі.

Қорытынды: Кішіпейілділік ұғымын өздігінен түсінуге тапсырма беріледі. Әрбір оқушы кішіпейілділік тақырыбына әңгіме іздеу барысында біраз кітаптарды қарастырады, көптеген әңгіме оқып шығады. Сол арқылы кітап оқуға баулиды. Әңгімелер іздеу және оқу барысында оқушылар кішіпейілділікке бастайтын қасиетермен танысады.

 

#2

Атауы: «Кішіпейілділік кішілік емес – кісілік»»

Уақыты: 1 апта

Түрі: көрме

Қажеті материалдар: балалардың фотосуреттері, түрлі түсті немесе ақ парақтар, қалам

Орындалуы: бұл шараны мектепішілік деңгейде өткізуге болады. Әрбір сыныпқа кішіпейілділік тақырыбына көрме дайындауға тапсырма беріледі. Оқушылар өздерінің жас ерекшелігіне және кішіпейілділік ұғымын түсінуіне байланысты сурет, қолөнер бұйымы, өз шығармашылықтарына орай кез келген зат жасай алады. Мұғалім әртүрлі бейнеде түскен оқушылардың фофсуреттерін арнайы шығарып дайындап қояды. А4 немесе А3 форматты қағаздың бетіне оқушылар өз фотосуретін шығарады және үстіне кішіпейілділік ұғымы жайлы ойларын жазады немесе кішіпейілділікті білдіретін қандай да бір жасаған әрекеттерін жазса да болады. Бірінші сынып оқушылары мұғалімі мен ата-анасының көмегімен жасай алады.

Қорытынды: Оқушыларға шығармашылық жұмыс арқылы кішіпейілділік ұғымын кеңінен насихаттау.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: