22:46
Құндылық қадамы

СҮЙІСПЕНШІЛІК

Ата-анамен іс-шара

Атауы: «Ол кім?»

Уақыты: 15 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Бұл ойынды кешкісін отбасы мүшелері түгел үйде болған уақытта ойнаса болады. Бір адам жүргізуші болып тағайындалады. Жүргізуші отбасылық ерекшеліктеріне сай сұрақтар құрастырады.

Мысалы:

  • Үйдің кенжесін кім қатты жақсы көреді?
  • Отбасымызда ең мейірімді кім?
  • Кімнің жауапкершілігі ең жоғары?
  • Ең еңбекқор кім?
  • Ең ерке кім?
  • Ең жалқау кім? т.с.с.

Содан кейін отбасы мүшелерін белгілі бір жерге отырғызып, көздерін орамалмен байлап қояды. Бірақ кім қай жерде отырғанын бәрі жақсы білуі қажет.

Ені жүргізуші алдын-ала дайындап қойған сұрақтарын сұрап, әрі ойын барысын телефонмен бейнетаспаға түсіреді.

Қорытынды: Отбасымен бірге қызықты уақыт өткізеді. Бір-бірін жақынырақ тани түседі. Отбасы қоржынында естелікке қызықты бейнеролик қалады.

 

Ұжыммен жұмыс

Атауы: «Алғыс хат!»

Уақыты: 1 ай

Түрі: алғыс білдіру

Орындалуы: Ұжымның бәрі көретіндей бір жерге алдын-ала безендірілген қорап қойылады. Бір ай көлемінде ұжым мүшелері бір-біріне алғыс хат жазып, қорапқа салады. Ай соңында ұйымдастырушы қорапты ашып, хаттарды иелеріне таратады. Ең көп хат жинаған үш адам анықталып, «Ұжым қалаулысы» номинациясымен марапатталады.

Қорытынды: Бір-біріне алғыс айту арқылы ұжым мүшелерінің ынтымақтастығы артады.

(жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: