23:15 Құндылық қадамы | ||||||||||||
СҮЙІСПЕНШІЛІК Ұзақ мерзімді іс-шара #1 Атауы: «Жамандығын жасырып, жақсылығын асыру» Уақыты: 1-2 күн Түрі: өзіндік жұмыс Орындалуы: Мұғалім оқушыларға ұнатпайтын істерін, заттар тізімін жазып шығуға тапсырма береді. Ол үшін арнайы ақ қағазға кесте дайындап ұсынады:
Оқушылар ұнатпайтын заттарын тізіп жазып болған соң, мұғалім сол заттардың пайдалы жағын зерттеп, анықтауды үйге тапсырма ретінде береді. Қорытынды: Оқушыларға әр нәрсенің бір жақсы әрі пайдалы жағын көре білуді үйрету.
#2 Атауы: «Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем» Уақыты: 1-2 апта Түрі: патриоттық өлеңдер кеші Орындалуы: Мұғалім оқушыларға Отан, туған жер туралы жас ерекшелігіне сай өлеңдер үлестіріп береді. Мектепішілік шара ретінде өткізілетіндіктен, әр сыныптан мәнерлеп оқуға қабілеті басым оқушылар таңдайды. Кеш бастауыш сыныптар арасында өткізіледі. Бұл кшете тек қана патриоттық тақырыптағы өлеңдер айтылады. Қорытынды: Оқушылардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жерге арналған әдемі өлеңдер жазған ақын, жазушыларды насихаттау.
#3 Атауы: «Өмірге ризамын» Уақыты: 1 апта Түрі: қабырға газет немесе буклет жасау Орындалуы: Оқушыларға өмірінде, айналасындағы адамдарға, болып жатқан оқиғаларға ризашылығын білдіру үшін қабырға газетін жасауға тапсырма беріледі. Бұл жұмысында оқушы не үшін өмірін жақсы көретінін, бұл өмірде кімді жақсы көретінін және не үшін жақсы көретінін, достарын, отбасы мүшелерін, қандай керемет оқиға басынан өткенін суреттей алады. Бұл қабырға газетін немесе буклетті кез келген форматта орындауға болады. Қорытынды: Кез келген оқушы бұл жұмысты орындағанда міндетті түрде позитивті, көңілді затарды іздейді. Не жазса да, салса да жақсы жағынан көрсеткісі келеді. Сол себепті бұл жұмысты орындауда өмірінде болып жатқан оң, жақсы көріністерін көре білуді үйрету, өміріне және айналасындағы адамдарға сүйіспеншілігін арттыру. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |