17:14 Құндылық қадамы | |
СҮЙІСПЕНШІЛІК Қысқа мерзімді іс-шара #3 Атауы: «Мен жақсымын, сен жақсысың!» Уақыты: 15-20 минут Түрі: тренинг Мақсаты: Оқушылар арасындағы сыйластықты арттыру, бір-бірін құрметтеуге шақыру. Орындалуы: Оқушылар бес немесе алты адамдық топтарға бөлінеді. Әр топ дөңгелек үстелге бір-бірін көретіндей болып отырады. Топтағы әр оқушы бір қағазға атын жазып, бүктеп қасындағы досына береді. Қағазды алған бала аты жазылған сыныптасы туралы мақталы қошемет пікірін жазып, бүктеп қасындағыға береді. Әр оқушының қағазы өзіне айналып келгенше ойын жалғасады. Соңында балалардың қолында өзі туралы жақсы пікірлер шынжыры болады. 1-2-сынып оқушыларына пікір ретінде мұғалім мақтау, қошемет сөздерді тақтаға жазып қойса болады. Іс-шара барысында мұғалім оқушылардан қандай сезімде болғандарын, сыныптастары туралы жақсы пікір жазу оңай, әлде қиын болғандығы жайлы ой қозғайды. Қорытынды: Оқушылар бір-бірінің бойынан жақсы қасиет табуға тырысады. Бір-біріне жақсы сөз айту арқылы сүйіспеншілік пен сыйластықтарының артатынын байқайды. Өзіне айтылған жылы сөз жақсы іс-әрекетін арттыруға итермелейді.
#4 Атауы: «M&M’s» Уақыты: 15-20 минут Түрі: ой алмасу Қажетті материалдар: M&M’s кәмпиттері Орындалуы: М&M’s кәмпиттерінің 6 түсі бар. Олар: қара, қызыл, қызыл-сары, жасыл, сары, көк. Әр түстегі кәмпит бір тақырыпшаны қамтуы керек. Мысалы:
Тақырыпшалардың тақтада жазылып тұрғаны дұрыс. Сыныптың бір шетінен бастап мұғалім әр оқушыға М&M’s кәмпиттері пакетінен бір кәмпитті таңдатады. Оқушы қара түсті кәмпитті алса, қара түстің сұрағына, қызыл кәмпитті таңдаса, қызыл түстің сұрағына жауап береді. Осылайша, әр оқушы бір кәмпитті таңдап, сұрақтарға жауап беріп шығады. Қорытынды: Сыныптағы әрбір оқушы тыңдаған мәліметі арқылы бір-бірін жақсы танып, арадағы сүйіспеншілігі арта түседі. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |