23:59
Құндылық қадамы

СҮЙІСПЕНШІЛІК

Қысқа мерзімді іс-шара

#1

Атауы: «Сүйіспеншілік ауадай қажет»

Уақыты: 15-20 минут

Түрі: тәжірибе

Қажетті материалдар: Балауыз майшам, шыны стақан, шыны құты, сіріңке.

Орындалуы:

1. Жіңішке балауыз майшамның біреуін теңдей үш бөлікке бөліп, әрқайсысын үстел үстіне қояды;

2. Бірінші майшамды стақанмен жабады;

3. Екіншісін үлкен шыны құтымен жабады;

4. үшінші майшамды ашық қалдырады;

5. Нәтижесін талдайды (алдымен қай майшамның сөнгенін байқау. Тәжірибе барысында бірінші стақанмен жабылған майшам тезірек сөнеді. Шыны құтымен жабылған ұзақтау жанады, ал ашық қалған майшам біткенше жанады. Неліктен екендігін түсіндіру!).

Қорытынды: Ауаның жанғыш қасиетін анықтау, от жану үшін оған ауа қажет екеніне тәжірибе жүзінде көз жеткізу. Сол сияқты адамға да өмір сүру үшін сүйіспеншілік ауадай қажет екенін түсіндіру.

 

#2

Атауы: «Сыйлық жасау»

Уақыты: 15-20 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Мұғалім оқушыларға сөмкелерінде немесе өздеріне бағалы бір затты таңдауларын сұрайды. Оқушылар есімдерін параққа жазып, парақтағы есімдерді көрмей таңдайды. Қолдарындағы парақта жазылған досына таңдаған сыйлығын беріп, сыныптасына деген ең ыстық тілектерін бөліседі.

Қорытынды: Балалар өзгеше сезімге бөленіп, бір-бірлерінің арасында сыйластықтары, сүйіспеншілігі арта түсуі күтіледі.

 (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: