12:52 Құндылық қадамы | |
СҮЙІСПЕНШІЛІК Балаларға отбасылық махаббатты қалай сездіреміз? Бұл тұрғыда бірге уақыт өткізу, бір дастарқаннан ас ішіп қана қоймай, қиындық пен қуанышқа бірдей ортақтасу маңызды. Балаларға жанұялық жауапкершілікті сезіндіру мақсатында отбасылық шешімдерді арнайы хабарлаудың, үлкендерден ештеңені жасырып қалмайтындай сенім үшін шаық сөйлесудің септігі мол. Махаббатқа толы отбасында өскен баланың пейілі кең, жүрегі ақ және адамзаттың барлығын бауырындай көретіні сөзсіз. Сондықтан өзгелердің көңіліне шаттық, қуаныш сыйлаудың маңызын жақсы білетін болады. Оқушының сүйіспеншілігі Отанына, еліне, отбасы мен білім ордасына деген құрметінен көрінеді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілде сөйлеу, еліміздің патриоты болу – Отан алдындағы қастерлі борыш. Ұлттық құндылықтарды қастерлеп, жер байлықтарын үнемдеу, салт-дәстүрді білу – елге деген махаббаттан. Сыныптастарын ренжітпеу, ұстазды тыңдау, мектеп мүліктеріне зиян келтірмеу секілді қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерге бағыну – екінші үй болып есептелетін мектепке деген сүйіспеншілік.
Қазіргінің қарусыз батырлары – өмірлік ұстанымы сүйіспеншілік болған, істеген ісі жақсылыққа толы ізгі жандар. Олар ештеңеге қарамастан риясыз жақсы көреді. Сүйіспеншілік арқылы бүкіл адамзатты бір мақсатқа біріктіре алсақ, бұл әлемде шешімі жоқ мәселе қалмас па еді, бәлкім?!
Бразилиядағы өрт салдарынан Фредди есімді тасбақа үстіндегі сауыт-қабыршығынан айырылып қалған екен. Ғылым мен жануарларға деген сүйіспеншілікті ұштастырған бір топ хирург әлемде алғаш рет 3д сауыт жасап, тасбақаның өмірін сақтап қала білді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |