00:37
Құндылық қадамы

СҮЙІСПЕНШІЛІК

Сүйіспеншілік – өмір нәрі

Сүйіспеншілік – тіршілік иелеріне тән махаббат, мейірім, кешірім, достық, жанашырлық т.б. барлық ізгі құндылықтардың бастау көзі, тұнығы. Ол – айналамызда болап жатқан жамандықты тыйып, жауыздықты аузыдықтайтын күш. Сүйіспеншілік – адамды ғана емес, әлемді өзгертетін құндылық. Сүйіспеншілігі бар әлемнің балалары бақытты, табиғаты таза, жануарлары – қауіпсіз болмақ. Сол себепті мектеп партасында отырған әр бала сүйіспеншіліктің маңызын білуі керек. Асыл қасиет бойына сіңген бала өзгелермен бөлісуге, бойын кернеген жақсыықтың нұрын шашуға асығады. Үлкейгенде «Өмірдің мәні де, сәні де – сүйіспеншілікте», - деп ұрандап, қоршаған ортаны қорғайтын болады. Адамзатқа жанашырлықпен қарап, планетаның әр бөлшегін бағалайды.

Сүйіспеншілігі жоқ адамның – қатыгездік, мейірімсіздік пен өкпешілдіктің зынданына түсіп кету қаупі бар. Бойындағы ызамен жалғыз қалып, айналады махаббаты, ғажап сұлулықты көрмеуі мүмкін. Бұл – болашақ үшін өте қауіпті. Байқасақ, әлемде мейірімнің, өзара қамқорлықтың мысалы көп. Шөліркеген алқапқа жаңбырдың жаууы, құстардың балапандарына жем тасуы, жылғалардан аққан судың егістікті жайқалтуы, гүлдерді шуағына бөлеген – Күн, адасқанға жол көрсетер – Ай жарығы т.б. Кішкентай баланың көшеде ақша сұрайтын адамға деген мейірімін алайықшы. Үлкендер кезекті қайыршы деп өте шығуы мүмкін, бірақ сәби жүрек мейіріммен қарап, көмектескісі келеді. Мейірімділік – әлсіздік емес, осыншама үлгіні көре тұра мейірімді бола алмау – әлсіздік.

«алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халқымыздың мақалы өкпе-реніштің көлеміне қарамастан кешіре алудың маңызын көрсетеді. Кез келген адам қателік жасайды. Мінсіз адам болмайтындықтан, біз кешіріп үйренсек, бізді де кешіреді. Кешіруді балалардан үйренсек қой, шіркін! Балалар бақытты, қуанышты естеліктердің кілтін тапқан, ол – кешірім. Мысалы, «ойыншығымды сындырдың» деп досына ренжісе де, аз уақыттан соң есіне де алмай татуласып, бірге ойнап кете алады. Бойды кернеген реніш «мен сені кешірдім» деген бір ауыз сөзбен жоқ болады. «Өкпелетіп алдым-ау», - деп уайымға салынған адам да тыныш ұйықтайды. Кешірім – екі жаққа да тиімді келісім шарт. «Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алму – кемдік» деген мақалдың мағынасы да осы болса керек.

Сүйіспеншіліктің ең үлкені – отбасы мүшелерінің арасындағы махаббат. Ата-ана балапандарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп өсіреді. Балалары үшін өмір сүріп, барын беру – әке мен анаға тән асқақ сезім. Туылғаннан мейірімге бөленген баланың да сүйіспеншілігі ерекше. Әлемнің бүкіл аналарын жинаса да, өзінің туған анасын жазбай таниды. Бұл қан ортақтығы, ақ сүтінің құдіреті десек те, бала риясыз махаббатты, жылуды кімнен алғанын сезеді, ұмытпайды. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 42 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: