Күні күндей, түні түндей жылжып жатқан осы жылдың 13 қарашасында Лебяжі орта мектебінде Павлодар қаласындағы ұл және қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің әкімшілігі Лебяжі аудандық білім бөлімінің шақыруымен жұмыс сапарымен болды. Осынау шараға бесқарағайлық он бірінші сынып оқушылары, олардың ата-аналары, мектеп басшысы, оқу ісінің меңгерушісі, математика, физика, химия пәндері мұғалімдері де қатысты. Түлектер тест жұмысымен айналысса, өзгелеріне мектептегі ата-ананың маңызды орны хақында тұщымды лекция өткізілді.
|