15:22
Мемлекеттік нышандар құрметіне

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күні, 4 маусымда, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі алдында «Менің Қазақстаным!» атты салтанатты митинг ұйымдастырылды. Шара барысында тарих пәні мұғалімі М.Оспанова мемлекеттік нышандар тақырыбында мазмұнды да мағыналы баяндамасын жиналған қауым алдында оқып, танымдық ақпарат-мәлімет таратты. Онда алтын Күнді, еркін Қыранды, Ұлттық ою-өрнекті Туымыздың, әлемде бейнесімен ең тартымды Елтаңбамыздың, мәтінінде тұғырлы Тәуелсіздігіміз, ерен Егемендігіміз барынша әспеттелген Әнұранымыздың Мемлекеттік маңызы ерекше ескерілді. Ал бастауыш сынып бүлдіршіндері Ділназ Зейнуллинова мен Айдана Серікпай митингті патриоттық қазақша ән шырқаумен, ұлттығымызды паш еткен қазақ биін орындаумен әрледі. Қолдарына ауқымды мемлекеттік туды, шағын ту түстес жалаушаларды желбірете, биіктете ұстаған көрермендер импровизацияланған сахнада тұрғандарға қошеметті ықыластарын білдірді.Әйгілі орыс ақыны Н.Некрасовтың «Ақын болмасаң да, азамат болуға міндеттісің» деген нақыл сөзін берік ұстанатын әрбіріміз үшін еліміздің рәміз-нышандарын мақтан етіп, құрметтеп жүргеніміз сауап болады.    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылыі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 915 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: