20:36
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

311. Досының атынан сырттай оқылған дұға қабыл болмайды.

312. Жақсылыққа бастаушы мен соны жасаушының сауабы бірдей.

313. Дүние жап-жасыл гүлбақша секілді. Кімде-кім содан адал еңбегімен сыбағасын алса, береке табады. Кімде-кім нәпсіге ілесіп, еңбексіз, қиянат жасап алса, қиямет күні оған тозақтан басқа ештеңе бұйырмайды.

314. Дін – насихаттан ибарат.

315. Қарыз – Тәңірдің жердегі жалауы секілді. Қашанда бір пендесіне жамандық жіберсе, қарыз жалауы соның мойнына іліп қояды.

316. Алланың берген дәулетіне шүкіршілік етпей, қиналып нәфіл ораза (отыз күн оразадан тыс өз еркімен қосымша ұсталатын ораза) ұстаған адамнан гөрі – барына шүкіршілік етіп, нәфіл ұстамаған адамның сауабы артық.

317. Күндіз-түні Аллаға құлшылық етіп, бірақ тиым салынған істерде сақтанбаса, құлшылығы зая кетеді, бос армандауадн басқа ешбір несібеге қолы жетпейді.

318. Өз ретімен сөйлеп, уақытқа риза болып, орынсыз сөздерден сақтанып, таза жүрген адамға Алла рақым-шапағат жасайды.

319. Тілін түзеген адамға Алланың рақматы жаусын!

320. Әйелің қайтарған жауап – сәлемдескен кісінің сәлемін алған сияқты.

321. Кішкентай нәрсе берсеңдер де кедейді құр қайтармаңдар.

322. Қартайған шағында ата-анасын разы етіп, күтпеген перзент қор болсын!

323. Алла тағала рақымды пенделеріне мейірбан. Сендер жер жүзіндегі адамдарға мейірбан болыңдар, сендерге ұлы ием де мейірбан болады.

324. Пара беруші де, оны алушы да – тозаққа түседі.

325. Адам өз досының дүние таным, пиғылына қарай үйлесіп кетеді. Сондықтан кіммен достасуды алдын ала ойанып алған абзал.

326. Сыпайылық – даналықтың белгісі.

327. Ойындардың ішіндегі тәуірі – садақпен оқ ату.

328. Әлдекім ауылдағы досын көру үшін жолға шықса, Алла оның жолына бір періштесін қамқоршы етіп қояды. Періште жолаушыдан: «Қайда барасың?» - деп сұрайды. Ол: «Ауылдағы досыммен кездескелі барамын», - дейді. Сонда періште: «Саған оның сыйлаған бір нәрсесі бар ма еді?» - деп сұрайды. Ол: «Жоқ, бірақ мен оны Алла жолында дос тұтамын», - деп жауап береді. Сонда періште: «Мен саған Алла тарапынан жіберілген елшімін. Сен досыңды қаншалықты жақсы көресің, Раббым сені соншалықты жақсы көреді. Соны саған айтқалы келдім», - дейді.

329. Қабырстанға барып, зиярат етіп тұрыңдар, ол естеріңе ақиретті салады.

330. Зинақорлық кедейлікке ұрындырады.

331. Дүниеқоңыз болмасаң – жаның да, денең де дем алады. Дүниеқоңыздық қам-қайғыңды көбейтеді. Ал жұмыссыздық адамды миғұла етеді.

332. Өлгендерді қорлаған адам бәлеге жолығады.

333. Мұсылманды қорлаушы да бәлеге ұшырайды.

334. Серуендеңдер, денсаулықтарың жақсы болады.

335. Сапар шегіңдер, дендерің сау, несібелі боласыңдар.

336. Адамдарға су үлестіруші бәрінен кейін ішеді.

337. Мұсылманды жәбірлеу – күнә, өлтірсең – кәпірсің. Ал оның малы – тартып алушыға харам.

338. Тез жүру (асығыстық) мұсылманның шырайын кетіреді.

339. Алладан кешірім және тыныштық сұра. Өйткені ешқайсың ар-ұяттан (иманнан) тайсаң, тыныш игілік көре алмайсың.

340. Алладан пайдалы білім сұраңдар. Пайдасызынан қашыңдар.

341. Жыртқыш хайуандардың еті харам болады.

342. Жесір қатын, жетім балаларға жәрдем беру – Тәңір жолында күресумен (соғысумен) немесе түімен ибадат етіп, күндіз ораза тұтқанмен бірдей сауап.

343. Жесір қатын, жетім балаларға, момын міскіндерге жәрдем беруші адам пейішке барады. Ал тозақ оты мәңгілік жанып тұрады. Оның шоқтары дүниеге шашырап тұрады. Кімде-кім оның шоғын ұстаса, ол оны тозаққа бастап барады.

344. Ей, Алланың құлдары, салмақты және жуас болыңдар!

345. Салмақтылық пен жуастық – адамның табысы. Оны жоққа шығару – зиян.

346. Патша – Алланың жердегі көлеңкесі. Кім оны құрметтемесе, Алланы құрметтемегені. Кім оны қорласа, Тәңірді қорлағандық болады.

347. Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі. Бір-бірлеріңмен сәлемдесіп жүріңдер. Әсіресе мұсылмандар бірінің қасынан бірі өтіп бара жатып та сәлемдескені жөн. Сәлем беруші сәлем алушының есіне сәлемді салғаны үшін бір дәреже артық сауапқа ие болады. Байқаусызда біреу сәлеміңді алмай қалса, бәрібір сенің сәлеміңді одан гөрі жақсырақ, абзалырақ періштелер алады.

348. Жалған куәлік берушілердің аяғы жерден таймай тұрып, Алла оған тозақты дайындап қояды.

349. Адамдардың жаманы – олардың ішіндегі ғұламаларының жамандығы.

350. Тағамдардың жаманы – қарны аштард ұмыт қалдырып, тоқтарға ғана берілген той тағамы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 452 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: