20:07 Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері | |
251. Мынадай үш түрлі адамның абыройын төгіп, қарғау керек: Өсекші, пәлеқорды; Залым патшаны; Дін бұзушыларды. 252. Мынадай үш түрлі адамдардың дұғасын Алла қабыл етпейді: Ескі үйдің ішіне дәрет сындырғандар; Жол үстіне дәрет сындырғандар; Ат-көлігін бос қоя беріп, содан соң оны сақтауды Алладан сұрағандар. 253. Адамдардың мынадай үш түрімен Алла қиямет күні сөйлеспейді, рақым жасамайды, олардың күнәларын кешпейді, қайта оларды қатты азапқа бұйырады: Сахарада артық суын басқа жолаушылардан аяған адамдарды; Бағасын арттыру мақсатымен өз малын бір кезде мұншаға сатып алғанмын деп, Алла атынан жалған ант ішіп сатқан адамды; Өз патшасымен дүние табу үмітімен шарттасқан, егер одан пайда көрініп тұрса, шартқа опа жасап, пайда көрінбесе, қиянат жасаған адамды. 254. Адамдардың мынадай үш түрімен Алла қиямет күні сөйлеспейді, рақым жасамайды, олардың күнәларын кешпейді, қайта оларды қатты азапқа бұйырады: Қартайса да зинақорлықпен шұғылданатын адамды; Өтірікші патшаны; Мақтаншақ кембағалды. 255. Мынадай үш түрлі адамға Алла қиямет күні рақым жасамайды: Ата-анасын наразы етіп, оларға тіл тигізгенге; Өзін еркекке ұқсатып (киініп және жасанып) алған әйелге; Өз әйелін қызғанбайтын, оған қарағысы келмейтін ерге. 256. Адамдардың мынадай үш түрі жәннатқа кірмейді: Ата-анасына тіл тигізген перзент; Ішімдікке салынған маскүнем; Берген қайыр-садақасын, жасаған жақсылығын міндет қылған адам. 257. Сегіз түрлі адам қиямет күнінде Алла жаратқан мақлұқаттарының ішіндегі ең жаманы деп есептеледі: Өтірікші; Тәкаппар; Мінезде момын, достарына әдеп сақтағансып, олардың көзінше ғана кішіпейілсінетіндер; Алла мен Расулдың талабын кешіктіріп, шайтанның бұйрығын тез орындайтындар; Нақақ болса да ант ішіп пайда табушылар; Арызқой жалақорлар; Дос арасына от жағушылар; Кінәсіз адамға нақақ жала жабушылар. Осылардың бәрі Алланың қаһарына жолығады. 258. Мол дүниенің үштен бірін садақа етуің мүмкін, бірақ бұл көп. Өйтіп мұрагерлеріңді кедейлендіргеннен гөрі, оларды ауқатты күйінде қалдырғаның дұрыс. Мынаны білген жөн. Алланың ризалығы жолына әр кез жұмсаған дүниең үшін де, әйеліңнің аузына салған бір түйір дәмің үшін де құдіретті иеңнің рақымына бөленесің. 259. Жасы үлкендермен сұқбаттасып, ғұламалардан ақыл сұрап, дәрігерлермен араласып тұрыңдар. 260. Бала-шағаң көп, дүниең аз болса, олар пысық, ширақ болып өседі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |