11:56
Ұлы Жеңіс ұлағаты

Бес жыл бойы...

Сұм соғысты Жеңіс жеңді ақыры,

Шаршады Жер, көрінді жүдеу тақыры.

Бес жыл бойы ауыр майдан, арпалыс,

Танылып сан баһадүр сыр-қыры.

Адамзат көрмеп еді зор алапат,

Бомба, мина, снаряд һәм жарылғыш зат.

Бес жыл бойы қиын-қыстау, қиналыс,

Жаулап алды Жер-жаһанды танк, автомат.

Фашис біткен жамиһаттың алды мазасын,

Бейбіт халық тартты талай жазасын.

Бес жыл бойы суыт хабар, қара қағаз,

Өлгендердің кім толтырар қазасын?!

Сұм фашизм пәле болып жабысты,

У-зәрімен Бейбітшілікті тауысты.

Бес жыл бойы аждаһадай айбат шекті,

Айуандықтан Гитлердің есі ауысты.

Қан майданға жауынгерлер аттанды,

Алмастырып кешке кешті, таңға таңды.

Бес жыл бойы қару асынды жалықпай,

Үмітімен зор Жеңістің қуаттанды.

Алға қарай атқан оқтай атылды,

Талай мекен қақпан, тозақтан босатылды.

Бес жыл бойы адымдады ілгерілеп,

Мықты майдан ұмытпады берік тылды.

Соғыс жайлы талай кітап оқыдық,

Ақ-қарасын сау санаға тоқыдық.

Бес жыл бойы күркіреген түнекті,

Көрмесек те, бір мезет те ұмытпадық.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 382 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: