22:24
Ұлы Даланың дара тұлғалары

ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ

Сал мен серінің көп шыққан жері – Ақмола, Сарысу, Есіл, Нұра өзенінің бойы, Қорғалжын төңірегі. Мұнда жас күнінде сері болып, кейін ақындық жолына түскен кісі Құлтума – Теңіз бойының атақты серісі, айтыс ақыны. Сейдалының асында (ХІХ ғ. орта кезі) ол көкшетаулық Тоғжан ақынмен айтысады. Ең атақты сал-серілер Өтебай сал, төлебай сал, Сары-Тоқа, Қаспақ сал.

Есіл бойындағы қыпшақтар арасынан жеке қара шыққандары: Иманжүсіп – сері, ақын, жазушы, Қошан сері, Бекетай Тәттіұлы (Омбы қыпшақтарынан). Иманжүсіп сері болғанын өзі айтып суреттеген.

Ең ескі сал-серілердің бірі Қуандықтан тараған Өтебай сал, қыстауы Ортауға таяу Көктің-көлдің жағасында болған. Өзі үлкен бай, әкесі Күшікбайға он екі мың жылқы біткен. Өтебай XVIII ғ. соңына таман туған, 1835 жылы Сапақ бидің ағасы Қорыспайға ас бергенде соған қатынасады. Бұл асқа Баянауланың атақты биі Шоң, қасына атақты жырау Сақау ақынды ертіп келеді (Мәшһүр Жүсіп). Өтебай бұл аста өзінің ерекшелігін көрсету үшін көп жасаулар дайындайды. Ең алдымен жүз биенің құнына түскен әдемі сәукеле жасатады. Ол сәукеле Сапақтың қызының сәукелесінен артық болсын деп, шеберге тағы да алтын, меруерт қосып береді. Бұл асқа барған кісілердің бәрінен асып түссін деп, жүздеген түйені әдемі кілемдермен малындырып, көркем сәукелені басына киіп, өзі әкелген он қанат ақ үйге келіп жатады.

- ...Мә, бар болғаның осы ма? бар түрің осы ма? пішініңе ұрайын! К...ді сүртейін! – деп, айнаға қарап ернін шығарып... өзін-өзі келемеждеп жатады. Сол кезде Өтебайдың үстіне Баянауланың қарт ақыны Сақау жетіп келеді. келісімен өлеңді үсті-үстіне ағызады. Өтебай басын көтеріп: «Үйден барып қысырақ ал», - дейді. Ақын: «Басыңнан бермесең үйіндегінің керегі қанша?» - деп өлеңмен қусырмалайды.

- Олай болса, өзім де сүйкімсіз болып түрімді бұзып жатыр едім. Енеңді ұрайын, осыны әрмен алып кетші. Мә, қайтып көрмегенім осы болсын! – деп, басынан сәукелесін жұлып алып, есікке қарай лақтырады. ...Шоң би осы астан кейін қыстыгүні қайтыс болады да 1837 жылы әзіретке апарып қояды.

1838 жылы ас беріледі. Түріне қарағанда, Өтебай сал бұл сәукелені, малынған кілемдерді тек сыйға тарту үшін әкелген. Оның тағы бір өзгешелігі – Баянауланың Бәйтен салы сияқты киетін ішікті, қамзолды киіктің құмалағынан жасатып, оны тігуден бұрын алтынның суына малып, жағасына барқыт салдырып, ішін жібекпен астарлатып отырған. Төбесіне арқардың мүйізінен телпек жасатып, жұрт алдына шыққанда: «Міне, менің Іскендір Зұлқарнайыннан не кемдігім бар?» - деп, серпіле мақтанатын.

Сарысу бойында ХІХ ғасырдың ішінде жасаған сондай ескі салдың бірі – Төлебай сал. Оның өзгешелігі де орасан күшті болған. Басқадан ерекше көріну үшін ол киімді бір ғана қойдың құмалағынан тізіп жасатқан. ...Төлебайдың көп барған жері – Қарқаралы шаншар елі. Ол жердің адамдарды сауыққой, әнші, серілері көп, қыздары ашық-жарқын келеді. өзіне сүйген қызды осы арадан алған. Осы араға талай келіп, талай рет қайтып жүрген.

...Төлебай тек сал болып қалған жоқ, ол мосқал тартқан кезінде әлеуметтік іске көп қатынасты: Тоқа Шоң бидің қоластында оның ақылшысы, кеңес берушісі болды.

Шоң Сапақ бидің ағасы Қорыспайға ас берген жылы (1835 ж.) туған. Ол асқа Баянауылдың атақты биі Шоң да қатынасқан. Сол жылы Тоқа Телқозы Шоңды үйіне қонаққа шақырғанда әйелі босанып, «бұл бізге бір ырым болды» деп, оның атын да «Шоң» деп қояды. Тоқа Шоңның әлеумет ісіне қатысуы 1855-1890 жылдар арасы. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: