22:30
Ұлы Даланың дара тұлғалары

ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ

Бір қызық әңгіме – Қали Байжановтың қазақ музыкасын зерттеуші оны жазып алушы А.Бимбоэспен жолығуы. Ол 1923 жылдың күзі еді. Ол кісі Семейге келіп, облыстық оқу бөлімінің орынбасары Әбікей Сәтбаевпен кездесіп, қазақ музыкасын қалай жазып алуының бағдарламасын құрады. Әбең оны шақырып алып: «Сен осы кісіге көмек көрсет, театрға апарып әншілермен кездестір. Қаладағы қарт әншілерді тауып, солармен жолықтыр», - деді. Қали ол кезде Семейде театрда ән салып жүретін. Ол Қалиды Тоқырауынның бір жас әншісімен екеуін пәтерге шақырды және ол сағатқа Бимбоэс та келмекші болды. Пәтер ағаш үйдің бір кішкене бөлмесі, оған алпауыттай Қали кіріп келгенде әзер сыйғандай болды. Түрі батырлардың түріндей алпауыт, жауырыны кең, басы үлкен, қара көзі жаудырап, адамға бір қуаныш бергендей болып тұрады. Бимбоэс оның жан-күйінен сұлулықтың елесі аңқып тұрғанына біраз үңіліп таңғалып отырды. Сол арада-ақ әнші домбырасын гулете шертіп, әнді үсті-үстіне түйдектетіп айта бастады. Айтқан әндері «Шама», «Ардақ», «Гаухартас», «Әупілдек», «Алтыбасар», «Қарға», тағы басқалар. Бимбоэс бұл әндерді жақсы жазылды деп соншалық қуанып отырды. Кейін Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) басып шығарды.

Баянаула әншілерімен қатар шыққан аяулы серінің бірі Естай Беркімбайұлы (1874-1940). Шідерті өзенінің жанындағы ескі Ақкөл болысында туып өскен. Түсі қызыл шырайлы, көзі шегірлеу келген үлкен, отырысы, жүрісі серілердің әдетіндей сыпайы, байсалды, өзі саңлақ кісі. Ән айтқанда өте салтанатты бейнемен, саспай толқынды шалықтаумен келтіретін... Естай жас кезінде Сарыарқаны тегіс аралап шыққан, оның барған жері Баянаула, Қарқаралы, Шыңғыстау, Ертіс бойы, жоғарғы Қара Ертістің жағасы, Өр Алтай: Тарбағатай, Лепсі өзенінің бойы, солардың жарқын елін көруі, күнбатыста ақмола, Атбасар, Обаған өлкесі.

Көкшетау, Баянаула көрдім бәрін,

Ұлы Ертіс, Омбы, Семей араладым.

Қарқаралы, Қараөткел,Есіл бойы,

Еркелетті уақ, керей, бәсентин.

Елу жасқа дейін осы елді тегіс аралап, одан кейін «сонша жүре берудің лайығы жоқ» деп мал шаруасының соңына түседі. Оның аса сүйген қызы – Маралды болысындағы атақты сұлу қыз Хорлан. Бірінші әнін осы Хорланға арнап шығарады. Олардың бала күндерінде бұл әнді ғажайып түрде айтатын Баянауланың әншілері Фәрит Абсаттаров (Керекуде тұрған), Барбар Мусин, Ертіс бойында Ақсу, Алтыбай, Маралды болыстарының оқып жүрген жас жігіттері керемет дауыспен айтатын, солардың бірі Рамазанов еді.

Ол 1926 жылы Ленинградтан (қазіргі Санкт-Петербург) елге демалысқа қайтып келе жатып, Павлодарда Жаяу Мұсаның қызы Анна деген кісіің үйінде жатқанында, ол жігіттер Ертістің шығар аузына бір үйді тіктіріп оны апармақшы болған. Бастап жүрген Кәрім Сәтбаев, «Хорланды» ондай қазір ешкім айта алмайды. Кәрім ұзын бойлы, ашық жүзді, көзіне пенсне киген, бар музыка аспаптарын сол үйге апарып жинап қойған. ...Үй сондай көркем, сұлу, бәсентин елінің асқан төрелері жасаған. Сол үйде отырып жігіттер Хорланның өзі бір ғажайып кісі «әнін тыңдаумен қатар өзін көріп қайтса тіпті жақсы болар еді» деді. Баруға келісті. Өкінішке орай, сол жылы елде сүзек болып, Хорлан ауырып қалыпты. Олар оған жете алмай Керекуге қайтып келді, Естай Хорланды есіне түсіргенде айтқан: «Қызығымы көп көрді бәсентин, Қолына ап еркелетті момын елім», - деп Хорланның шыққан елін сондай ардақтайды. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: