20:43 Ұлы Даланың дара тұлғалары | |
ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ Халық аңызының негізінде ықыластың тағы бір шығарған күйі «Аққу» күйі. Қобыздың күйі аққудың әдемі үнін, оның қалай ұшуын, оның қалай сәулетті жүзіп жүруі ғажайып сұлу оймен шешілгені айтылады. Өзге таныс күйлерден Ықыластың сүйікті күйі «Жез киік». Оны Тайлақбайдың сыбызғыдан тартқаны (Шоқан Уәлиханов) белгілі. Ықыластың күйлерін мирас еткен оның баласы Түсіпбек, созақтан Сүгір күйші, немересі Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев. Сал мен серінің көп шыққан классикалық жері, әрине, Сарыарқа, оның ішінде, Көкшетау, Ақмола, Баянаула, Қарқаралы, Торғай елінің бойы. Ертістің бас жағында, Алтайда, Тарбағатай тауларында жасаған сал мен серілер әбден ұмытылып біткен. Бергі кезге дейін айтып келгендері тек Тарбағатайжерінде өскен – Ағашаяқ, Қарқаралыдан – Әсет әнші. Бұл екі әншіні де Құнанбай мен оның баласы ақын Абай өте жақсы көріп, олардың мұраларын өздеріне жақын тұтқан. Алтай тауында домбырамен күй шалқытқан бір серіні Аткинсон суретке түсіріп, бірақ атын жазбаған. Әдемі киінген сері, ол – найман елінің күйшісі. Делбегетей тауында «Ағашаяқ» деген бір сал болған, Құлам тастағы жазуы бойынша оның шын аты – Назар Сапақұлы. Назар Сапақұлы 1818 жылы туып, 1898 жылға дейін жасаған, түсі сары, көзі көк, өзі кедей болған. Ғашық болған қызына тез бару үшін, аттың орнына, екі ұзын бақанға мініп үйренеді, соған орай «Ағашаяқ» атанып кетеді. Жүргенде ербеңдей басып, он шақты қадамды бір-ақ басып отырады. Оның жүріп өткен жерлері Қалба тауында осы күнге дейін «Ағашаяқ» деп аталады. Бақанмен жүру бір ғана аты жоқ кедей салдың ісі. Ғашық болған қызын барып көргенде, бұл өте таңсық нәрсе болып көрінген. «Ағашаяқ» әрі сал, әрі суырылыпсалма ақын, әрі асқан әнші. Ол бір байдың қызына бәйек болып, онымен хат арқылы байланысып жүреді. Қыз оның өнеріне қызығады, көп мейірімі түседі. Бірақ қызды бір байдың баласына атастырып қойған, жақын арада күйеудің «ұрын келетін» кезі. Қыз ол күйеуді жақсы көрмейді екен, «Ағашаяқты» ұнатқандықтан күйеу келгенше «тез кел» деп шақырады. «Ағашаяқ» қуанып, екі бақанмен жүгіріп қыздың ауылына келеді. «Жәнекей» деген әнді сол қызға арнап шығарады. Ол керемет ойыншы, түрлі аң мен құстың даусына келтіріп ән салып, үнін неше алуан етіп құбылтқан. «Ағашаяқтың» аты көп жерге аңыз болып тараған, оны Алтайдан бастап Сарыарқаның түкпіріне дейінгі елдер жүйрік біледі. Көп адамдар «ағашаяқты» Құнанбайдың әншісі еді деп айтуы осыдан шыққан. Халықтың аңызы бойынша «Ағашаяқ» бақанмен жүруді нағашысы апақ балуаннан үйренген. Өзінің шығарған жырында: Атандым өзім Назар – ағашаяқ, Қалдым мен қашан достан жаным аяп, - дейді. Тарбағатайда жасаған серілердің ең бір әйгілісі – Әсет ақын Найманбайұлы. Ол 1867 жылы Қарқаралы аймағында, Қызыл-Арай төңірегінде туып, бала күнінде өзінің ата-бабаларының мекені осы әдемі тауларды қызықтап өседі, ержете Тарбағатайдағы Бақты қаласына барып, оның медресесінен сабақ алады. 14 жасында әкесі қайтыс болып, нағашыларына барып тұрады. Сол кезден бастап ол асқан әнші, әрі сері болады. Әсет өте сыпайы, нәзік жанды кісі болған, әрі жазғандарын әрқашан қағаз бетіне түсіріпо тырған. Ол ел аралап жүрмеген, шығарған әндерін, жырларын тек үлкен сауық үстінде, қыз ойнақта, ұлы тойларда айтып жүрген, ел аралауды, сый алуды онша жақсы көрмеген. Оның бұл ардақты мінезі Абайға да ұнаған. Оның айтқан әндері «Әсет», «Үлкен ардақ», «Кіші ардақ», «Еркем-ай», «Ісмет». Өзі өткір тілді, шешен, мысқылшыл, айтыс ақыны болған. А.С.Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударған, оның қолжазбасы бүгінде Қазақстан ғылым академиясының кітапханасында сақтаулы тұр. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
