22:40
Ұлы Даланың дара тұлғалары

ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ

Қобызбен байланысты халыққа үлгі болған ғажайып аңыздарды олар ерте кезден біліп келген, әсіресе Қорқыт туралы, оның жасаған қобызы туралы, Ықылас шалқыған оймен саңқылдатып айтып отыратын. Бұл аңызды ол бала күнінде әкесінен естіп, кейін қобыз тартып отырғанда, оны әңгіме етіп таңғалып отыратын. Оның көп айтатыны, әсіресе Қорқыт туралы. Оның қалай туып, қалай қобызшы болғанын көп әдемі сөзбен, қобыздың үнімен жұртқа түсіндіріп отыратын. Оның айтуынша, Қорқыт қобызын арқасына тағып, желмаяға отырып, дүниенің төрт бұрышын кезген, бар тілегі өлімге дауа іздеу. Әсіресе қызық қылып тартатын Қорқыттың желмаясы. Оның желдей есіп тоқсан дауа таба алмай күйзелгенде ақырын-ақырын боздап сарнауы – Ықыластың күйлеріне үлкен әсер берген.

Солардың ішіндегі Ықыластың зор шабытпен тартатыны – «Қорқыт күйі». Қазақстан сахарасында ескі заманнан қалыптасқан ұлы әфсана күй. Халық есінде көбірек сақталғаны Қойлыбай мен Балақай бақсының тартқан «Қорқыт күйі», ХІХ ғасырда күйші Қанқожаның тартқан «Қорқыт күйі» (Шоқан Уәлиханов), олардың соңын ала бұл күйді аяулы қобызымен өмір бойы тартқан Ықылас екенін көреміз. Ықыластың ой-елесі бойынша, қобыздың бір ғажайып жері, оны тартқанда ішінен Қорқыттың үні естіліп тұрғандай болады. Бұл аңыз ел аузында тап солай айтылып келген. Оның бір әдемі түрін жазып алған – П.С.Спиридонов. ол аңызда айтылған: «Сыр бойының жағасында тұрған Қорқыт моласының қасынан өткенде құлағына «Қорқыт-Қорқыт» деген әдемі күйдің дыбысы алыстан естіліп тұрады». Оның екінші күйі «Кертолғау» - «Ақсақ құлан» күйінің бір түрі, ескі дәуірден келе жатқан толғаудың бір түрі. ...»Қасқырдың ұлуы» - Ықыластың бір ерекше шығарған өзгеше күйі. Түп аңызы қыпшақ елінің ескі аңыздарынан шыққан. Бұл да Қорқыт аңызында кездесіп отырады. Ықыластың қобызбен тартуында алдымен бір қасқырдың ұлуын, содан кейін екеуінің, сонан бір тобының ұлуын тапжылмай суреттеп отырған.

Елдердің айтуынша, түнде отырып Ықылас осы күйді тартқанда ауыладғы иттердің үрейі ұшып, шуылдап үре шығатын.

Ықыластың аса ерекше шығармасының бірі – қобызбен тартатын «Қазан күйінің» негізі тама елінің тарихи аңызынан шыққан бір өзгеше күй, олардың атақты батыры шораның жорығына арналған. Тама елінің тарихи шежіресі бойынша Шора батыр олардың түп ағасы. Қыпшақ заманында олар Қазан қаласының ішінде тұрып, Шора батыр кезінде олар Жайықтың басына ауысады. Тарихи оқиғаның баяндалуы бойынша олардың бір шеті созылып Шу өзенінің бойына, Қаратуға келеді. осы тарихи аңызды Ықылас қобызбен күйге айналдырады. ...Эпикалық жырдың негізінде туған «Қазан күйі» домбырамен де әдемі тартылады. Бірақ екеуінің мазмұны бір шығады. А.В.Затаевичтің зерттеуінше, «бұл күйде ескі заманның маршы, жорықтың түрі, соғыстың суреті көрінеді». ...Қобызшы эпикалық аңызды аса жақсы көрген. Соның бірі қобызбен тартқан «Қамбар мен Назым» күйі. Қамбар кедей егіншілер қыстағында (тобыр) туып-өскен, атақты аушы, сері, мерген, батыр. Ол өздерін басқаратын ханның атақты қызы Назым сұлуға ғашық болады. Назым да оның ерлігін, серілігін ісін ардақтайды. Бірақ Назымның әкесі, туысқандары Қамбарды қара қазақ деп менсінбейді. Ханның еліне жау шабады. Оларды жеңуге ханның шамасы жоқ. Назым оған қарсы Қамбарды шақырады. Алып ер жауды жеңіп қуанышқа кенелтеді. Хан Қамбарды жақсы көріп, қызын оған береді. Ықылас осы екі ғашықтың қосылғанын мақтаныш етіп, оларды қобыздың әдемі күйіне айналдырады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: