22:44 Ұлы Даланың дара тұлғалары | |
ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ А.В.Затаевич жазып алған әнуар Медетов тартқан «Ақсақ құлан – Жошы хан» күйін Ромен Роллан оқығанда атақты ойшы бір үлкен ойға батқандай. «Бұл аңыздың сюжетінде не деген ұлы күш, не деген музыкалық қасиет бар. бұ нағыз симфониялық поэма». Тағы бір хатында: «ақсақ қалдырды. Бұл күй қазақ сахарасын талай рет ой толқынына бөлеп, сұлу гүлдің алысқа атқан шарықтауын елестетеді», - деп жазады. Қыпшақ сахарасында серілікті әдемі суреттеген ақынның бірі Құтыб. «Хұсырау-Шырын» ғашықтығын жырлаған кемеңгер ақын. Ол жырды Сырдария бойында тұратын Женд қаласында 875 (1383 ж.) жылы жазып бітірген. Жер аттары – көбінесе Қазақстан жері. Негізгі сюжеті серілік, ғашықтық туралы. Сал-серінің бірі Хұсырау не Фархад, оның сүйген қызы Шырын туралы. Бұл аңыз Құтыбтан кейін Сырдария бойындағы қазақтар арасында ХІЗ ғасырға дейін айтылып келді. Құтыб жырының соңында өзі туралы айтқан: Бітірдім кітабымды қатесін бағып, Бұ захмет шеккенімді білгейсің оқып. Атағымды «Берке факыр» деп айтады, Өзім мүмін, өзім мүслім, асылым қыпшақ. Кітап тарихы жеті жүх сексен бесте (1383) сафар айының 25-де жазылып бітеді. (Құтыб. Хұсырау-Шырын.) Қыпшақ ортасынан шыққан екінші ұлы ақын – Сейфи әс-Сарайи. Ол 1393 жылы Саадидің «Гүлістан» жырын қыпшақ тіліне аударады. Гүлістан – Алтын Орданың орталық қаласының бірі. Сарайи осыны тегісімен өз тіліне аударып, оған өзінше сюжеттер қосып отырады. Кейбір жазуларда Сейфи қыпшақ арасын көп аралаған бақсы, ақын, ән салып, күй тартып жүрген, серілік туралы ол екі нәрсені жарқын түрде анықтаған: бірінші – «Ғашықтық пен жас серінің сипаты»; екінші – «Қартайып мүшкіл тарту сипаты» (Сейф Сарайи. «Гүлістан»). Бұл екі мәселе қазақ әдебиетінде Біржан сал мен Ақан серінің қартайғанда айтқан ойларына дәл келеді. Арқада серілікті ескі дәуірде Түрік қағанатынан кейін таратқан серінің бірі атақты күйші, әрі ақын, жарқын ойшыл Қотан деген кісі. Оның бір күйін «Суға кетті Ер Қотанды» Шоқан Уәлиханов жазып алған. Тегі оны Шоқан Жанақтан жазып алған сияқты. Демек, Жанақ жыр айтарында ылғи Қотанға бас иіп отырған. Ескі дәуірде серілер көбіне Жалайыр елінен көп шыққан. Соның бірі – атақты Шедегей, сері, саңлақ, майталман, өзі аңшы, өзі ақын, өзі күйші, өзі сауыққой кісі болған. Салдық пен серілік өнерінің биік сатыға жеткені – қазақ дәуірі. Қазақ хандарының көбі өздерінің бабалары Жошы. Орда Ежен сияқты ақын сері болған. Соның бірі – Әз Жәнібек. Ол өзі атақты аңшы Құладынға қу ілдірген саятшы, ойын-сауықты көп қуған, ел-елді аралап, әдемі қыз іздеген. Жәнібектің ел жұмысын басқармай, тек аңмен, той-думан мен бос уақыт кетіріп жүргенін Асан қайғы ұнатпаған. Қасымханның баласы Ақназар да атақты серінің бірі, бірақ серілікті ол бір ғана сұлулық күшін, елге үлгі болу үшін пайдаланған. Серілікті биік сатыға жеткізген, әсіресе, Есімхан. Оның қамқа тондары, басындағы телпегі, аяғына иген қызыл етігі тегісімен алтынмен кестеленіп отырған. Құстың да ең қырандарын ұстаған: сұңқар, лашын, тұйғын, «Алтайдың ақ иық бүркіті». Абылай хан мен Әбілхайыр ханның ұрпақтарына дейін серілік пен сал өнері үздіксіз көтеріле береді. Серілікті жаны сүйген әсіресе Абылайдың жауынгер батыры, уақ Баян батыр – атақты серінің бірі. Күйді ол алысқа шалқытып, сыбызғымен тартатын болған. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
