09:31 Ұлы Даланың дара тұлғалары | |
ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ Сал, сері екеуі де – өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп жаңалық кіргізен, әдебиетке, ой-санаға көп әсер еткен қазақ мәдениетінің бір жарқын белгілері. Оны осы күнгі сахнада мирас болған Біржан салдың бейнесі анық сипаттайды. Қазақ тілінде ерекшеленген сал мен серінің адамшылық қасиеті ауызбен жеткізуге болмайтын орасан асқақ болып отырады. Олар күштіге табынбайды, кедейді мақтап жыр шығарады (Жанақ ақын, Дәулеткерей, Сейтек). Олардың бар ынтасы – махаббатқа бас иіп, оған бәйек бола түсу, ол үшін ел-елді қыдырып, өзіне ақылды, сұлу қыз іздеу, оған барлық жас өмірін сарп қылып, мал-мүлкін аямай соның жолына құрбан ету. Бұл тек қана сал мен серілерге ғана тән. Сал мен серіні мұндай ардақты дүниеге бағыттайтын – оның жаратылыс ерекшелігі, дарынды ойы, ашық-жарқын мінезі, сыпайылығы, сұлулықты, ғажайып жаңалықты жақсы көретіні, әдемі дүниеден ләззат ала білуі. ...Сері мен сал барған жерін думанға бөлеп, ойын-сауықпен жұрттың көңілін табады. Сал жүрген жерін ұзақ уақыт қызыққа батырады. Олардың шырқап салған әндері жаздыгүні түн ортасы ауғанша шырқалатын. Ел-елді аралап жүретін әнші серілер, салдар – тарихи дәуірден келе жатқан мәдениеттің бір жарқын түрі. Олар – өздері шығарған ән-күйді, музыкалық шығарманы, халықтың эпикалық жырларын мәңгілікке сақтайтын аяулы ой иесі. Өткен ғасырларда сахарада ән мен күйдің өркендеуі, бір ғана сал мен серілердің, атақты домбырашылардың көркейіп өркендеуімен байланысты болады. Олар әнді бір дауыспен айтпай, кейде көпдауысты әдемі әндер шығарып жүреді. Біржан салдың Абай үйінде жатқанда көп серімен бірлесіп айтқан сұлу әндері. Бұл әндер, тіпті жай нәрсе емес, қазақ музыкасының көркейіп, биік сатыға жеткенін сипаттайды. Демек, сал-серілік өнері халық шығармашылығының жарқын бір түрі. Оның негізгі құрылысы ойын-сауыққа негізделген, ән шырқау, жарқын күй тарту, билеу (Дәулеткерей алдында), ән желдірме айту, тағы басқалар. Бұл сауық көрінісін сал-серілер әрқашан көркем киімдермен не ешкімге белгісіз біралуан киімдермен, ат-тұрманын алтын күміспен, мыспен таусылмайтын сұлу өрнекті әдемі жібектермен елді толықсытып жүретін. Бұлар әсіресе Бәйтен салда, Ниязда, Сегіз серіде, Біржанда орасан көп. Бірақ, бір өкінішті жері – сал мен серінің қашан шығып, қалай өркендегенін айтып берген бірауыз сөз әдебиетте кездеспейді. Ол туралы қысқа-қысқа жазып алған хабарлар бір ғана Ә.Ә.Диваев пен А.Н.Добромыслов та жолығады. Осы күнгі жазушылардан бұл мәселеге көңіл қойып жүргендер – Бижанов пен Ақселеу Сейдімбек. Алайда, сал мен сері туралы күрделі аңыздар ел аузында орасан көп. Қай жерде қандай сері, қандай сал болғанын олар әлі күнге ұмытпай есінде сақтаған. Тарих көзімен қарағанда, серілік ту баста түрік қағанаты кезінен шыға бастаған. Серілікті әдет қылған ойшыл кісінің бірі – сол кезде жасаған атақты Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып аңшы, мерген, атты әдемілеп ұстайтын ат сейіл, онымен қатар ол – асқан ақын, жырау. Ағалары Білге хан мен Күлтегін қайтыс болғанда, оларға арнап эпикалы оқиғаларды әдемілеп құрып, оны тасқа жазып қалдырған да – осы атақты иоллық тегін. Түрік қағанатының асқаралы биі тоныкөк терең ойшы кемеңгер білгіш кіі болған. Өлерінде басына қоятын құлпытасқа атақты жазуды ол өз қолымен жазып, қанша данышпан сөздер қалдырған. Тоныкөктің жалпы бейнесі VII-VIII ғасырдағы кемеңгер, Қорқытқа өте ұқсас. Қазақ аңыздары бойынша, Қорқыт ескі дәуірдегі серілікті бастаушының бірі. Қорқыттың қобызын, оның музыкасын өзіне мұра еткен ұрпақтары әл-Фараби, Нысан абыз, Қойлыбай, Балақай, Жанақ ақын, тағы басқалар. Тарихи дәуірде қолданған музыка аспаптарының шығу тегі бір таңсық нәрсе. Оны терең оймен анықтауды бірінші рет алдына қойған – ұлы жерлесіміз әл-Фараби (Өзлығ). Ол кісінің бейнелеуінше, әрбір музыка аспабының үн шығаруы жаратылыс үнімен тығыз байланысты. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
