КИІЗ ҮЙ
- Киіз үй – негізінен киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспаханасы. Ол маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
- Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
- Алтын орда – 30 қанаттан (кереге) тұратын ханның мәжіліс ордасы.
- Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
- Ақ шанқан – 18 қанат ақ орда, 12 қанат – ел басылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.
- Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
- Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үйлер.
- Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар тұратын қарапайым киіз үй.
- Қараша үй – кедей үйі.
- Отау – жас жұбайлар үйі.
- Жолым үй, абфлайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
- Күрке, қос – ауыл да ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлердің үйлері.
- Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан-баулары деп аталаты 3 бөліктен тұрады.
- Киіздері – барлық киізден тұратын бөлшектері.
- Арқан-баулары немесе бау-шулары – құр, арқан, бау, жіптен тұратын бөліктері.
- Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады.
- Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
- Күлдіреуіш – түндікті көтеріп тұратын ағаштан иіп жасалған бөлшек. Шаңырақ күмбезі осыдан тұрады.
- Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
- Қаламдық – уықтың қаламы (басы) кіріп тұратын шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
- Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
- Қаламы – уықтың шаңырақ қаламдығына кіретін ұшы.
- Қары – уықтың иініне дейінгі бойы.
- Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
- Алақаны – уықтың кереге басына бекітілетін басы.
- Уық бау – уықты кереге басына байлайтын жіп.
- Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
- Қанат – керегені жинап біріктіруді «қанат» деп атайды.
- Желі – керегені құрайтын ағаштар.
- Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
- Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
- Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтар.
- Көз – керегенің торкөздері («тор көз», «жел көз»).
- Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.
- Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
- Босаға – киіз есік, маңдайша мен табалдырықты қосатын, керегеге байланатын берік ағаш.
- Маңдайша – екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
- Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
- Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп тұратын айналмалы ағаш тиек.
- Туырлық – ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабылатын киіз.
- Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабылатын туырлық бөлігі.
- Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртына кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.
- Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз.
- Түндік бау – түндік белдеуге байлайтын бау.
- Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
- Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.
- Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған туырлық ішінен тартылатын ши.
- Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
- Бас құр – кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.
- Жел бау – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні оған үй шайқалмас үшін салмақ байланады.
- Балақ бау – көшкенде уықтарды қосып байлайды.
- Аяқ бау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы.
- Есік бау – киіз есік бауы.
- Тастама – киіз есіктің жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байланатын бауы.
- Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.
- Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.
- Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.
- Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
- Күйеу қазық – үй сыртында іргесіне жел арқан байланатын қазық.
- Бақан – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын бір жақ басы аша ұзын ағаш.
- Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
- Дақтау, дембі – шеберлер термині, белгілеу деген сөз.
- Белдеу – туырлық желде көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
- Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.
- Үй тіге – киіз үйді көтеруді (құруды) халық «үй тігу» дейді.
- Үй жығу – көшер кезде үйді бөлшектеуді «үй жығу» дейді.)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|