09:53
Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2010
Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімі тарапынан 2010 жылғы сәуірдің 20-сында өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық сынағының қорытындылары хақында АҚПАРАТ[1]
· ҰБТ-ға дайындық сынағына ҰБТӨП-те тіркеліп, өтініш білдірген тізімдегі бес оқушы қатысты.
· Бес түлектің төртеуі кәсіптік пән ретінде физиканы таңдаса, бір оқушы биологияны қалады.
· Пәндер бойынша орташа балл көрсеткіштері келесідей түзілді: математикадан 11,2 (44%), бағаға айналдырғанда «3» (қанағаттанарлық); қазақ тілінен 20,4 (80%), бағаға айналдырғанда «4» (жақсы); Қазақстан тарихынан 15,8 (64%), бағаға айналдырғанда «4» (жақсы); орыс тілінен 11,6 (48%), бағаға айналдырғанда «4» (жақсы); физикадан 13,8 (56%), бағаға айналдырғанда «4» (жақсы); биологиядан 15,0 (60%), бағаға айналдырғанда «4» (жақсы).
· Бес пән бойынша орташа балл көрсеткіші 73,0 (58,4%), былтырғы орташа балмен салыстырғанда (64,9) 8,1-ге ілгерілеу анықталды.
· Орыс тілін есептеменгенде, төрт пән бойынша орташа балл көрсеткіші 61,4 (61%), 50 балдық талапты деңгейден асып, жалпы игерілді, Жоламанов Арслан ғана 49 балл жинады.
· Жинаған балдарын бағаға ауыстырған бетте «қанағаттанарлықсыз» алған оқушы тіркелген жоқ. Дегенмен математикадан Увакова Арайлым 4 балл ғана алды, ал Бейсенбаев Бейбіт орыс тілінен 5 балл жинады. Осындай көрсеткіш берген оқушылармен жеке жұмыс жүргізу керек.
· Жеке пән бойынша ең жоғары көрсеткіш қазақ тілінен 20,4. оның үстіне Шәймұратқызы Жаңанұр осы пәннен 25 балдың барлығын жинаса, Увакова Арайлым 24 балл жинады.
· Әр пән бойынша пән мұғалімдері тарапынан тест жұмыстары төңірегінде түзету-сараптау жұмыстары мұқият жүргізіліп, тиісінше салыстырулар жасалды.
· Дайындық үдерісінде математика, физика, орыс тілі пәндері бойынша әзірлік жұмыстарына мектепішілік бақылау бойынша мұқият көңіл бөлініп, тиімді әдістер арқылы нәтижені еселету жағын ойластыру қажет. Сонымен қатар оқушы тарапынан балл қорын жинауда нақты тұрақтылық болуын реттеу жұмыстарын да назардан қалыс қалдыруға болмайды.
· Мектеп бойынша дайындық жұмыстары апта бойы ұдайы өткізілуде, пән мұғалімдері сараптама жұмыстарын сапалы өткізіп, тиісті құжаттама қорын жинау үстінде. [1] Ақпараттандырушы: Ибраһим Б.К., МДОІО, ҰБТ бойынша мектептік техникалық хатшы, 30345

Просмотров: 1255 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: