09:27 Көркем сөздің құдіреті | |
ЛАЗЫМ (ләзім) Жөн, дұрыс, абзал. Мысалдар: Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең, Өмірде көрген жақсылық, Ұйықтап өткен түспен тең, Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың, Ләзім болған іспен тең. 📖 Шал ақын, Бұл дүниенің мысалы Әуелден көңілімді бердім саған, Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ, Жігітке лазым еді іздеп бармақ. 📖 Ақан сері өлеңінен Оған жауап қайтармау үшін адам арын да, намысын да, әлеуметтік беделін де жоғалтқан болуы лазым. 📖 М.Шоқай шығармасынан Бекерден-бекер басқа пәле тілегенше тоқал үйінің үстіне шығып жата кетуді ләзім көрдім. 📖 О.Бөкей, Үркер * * * САРЫМАҚ (ШӨНЖІК) Жолбарыстың күшігі Мысалдар: Саптаяқтай еріндім, сарымақтай азулым 📖 Бұқар жырау шығармасынан Алдырған сарымағын өлекшіндей, азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға. 📖 Біржан мен Сараның айтысы Шөнжіктер ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз созғылауға кіріскен. 📖 М.Мағауин, Шақан шері Белгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына бармақшы болған. 📖 КТК арнасы, Тірі жолбарысты пошта арқылы жөнелтпек болған * * * ЕРЕК Өзгеше, бөлекше, дара. Мысалдар: Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез, Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек. 📖 Абай, Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп. Онан қорқып, обырлық қоймасаң да, Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек! 📖 Шәкәрім, Адамшылық Биылғы Май бір бөлек, Далаға шыққан. Бақтарда өнген гүл де ерек. 📖 М.Мақатаев, Мәңгілік жастық Адамға бүгін бағынған, Қыр бейнесі өңді ерек Шал көзіне шалынған, Сыңсыған қайың, бәйтерек 📖 Т.Жароков шығармасынан баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
