09:53 Көркем сөздің құдіреті | |
ДЕСТЕ 1. Оралған егіннің бумасы; 2. Буда, шоқ, топ; 3. Деректер шоғыры (инф.) Мысалдар: Қайран біздің жеңгейлер! Өскен ерен, Егін орып, бау байлап, дестелеген. М.Мақатаев, Қайран жандар Жиналған көп әлеумет, Тыңдасаң кепті шертейін. Әңгімені дестелеп, Түйдегімен кертейін С.Сейфуллин, Ұйымдағы әрбір азамат — жалшының қорғаушысы Осы дестелеп ору деген бір пәле басты қатырды. - Нұржан Тәженді қолтықтап, оңашалау апарды. З.Шашкин, Өмір тынысы Әрбір дестеде алушының (қабылдаушының) адресі көрсетіледі. Бағдарлауыш осы мәліметті пайдалана отырып, әрбір десте үшін бағдар таңдайды. Уикипедия, Десте * * * ЖАЛҚЫН Алаулаған жалын Мысалдар: Бұған тиген су перінің салқыны, Салқыны емес, бейне оттың жалқыны Қол-аяғын от ішінде қалқиды. Бойыңды улап, басылған екен қарқыны Ж.Аймауытов, Қара бақсы Ашық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр. Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ Алаулаған, алқызыл жарық. Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де. Жалқын сәуле шашып еді батқан күн, Жас баладай, мәз-мейрам боп шаттандың, М.Шаханов, Танакөз Сол көктемгі көкжиек -қоп-қою жалқынды сағым іркіліп барып, көк күмбезімен көмкерілген О.Бөкей, Үркер Жалқынданып күн батар, Ай да туар нұрланып. Біреу сезіп тіл қатар, Шық үйіңнен ұрланып С.Мәуленов, Шық тезірек қалқашым * * * ҚОМСЫНУ Азсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау. Мысалдар: Қарайды да алтынға, Қомсынады "аз ғой",— деп, "Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп. Абай, Жарлы бай (Крыловтан) Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым! А.Байтұрсынұлы, Замандастарыма Нәрсем болса бергендей Әлдеқашан сатпас пем. Серінің сөзін қомсынып, Сен, ит, сенбей тұрмысың Ж.Аймауытов шығармасынан Ортасында осынау бір қоныстың Қомсынады ол бір өзін. Буырқанған тройкадай орыстың Ұнатады ол мінезін. М.Мақатаев, Ильич Қыз қадірін түсіріп, Емес мұным қомсыну. Әйтсе де не түсініп Отыр дейсің сол сұлу! Қ.Мырза Әли, "Көш" жинағынан баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
