10:37
Көркем сөздің құдіреті

БОДАУ

Құн, өтеу, өтемақы, төлем

Мысалдар:

Құрбан болған бауырларымыздың бодауы тек Түркістан тәуелсіздігімен ғана өтілетін болды.

М.Шоқай шығармасынан

О, Джакома да Сант-Андреа!

Бұ неғылған ермегің!

Бодауыңа мені беріп, сорлаттың ғой сен мені!

Қарғыс атқан өміріңді жынды қылған мен бе едім?

М.Мақатаев, Құдіретті комедия, Он үшінші жыр

Ең аянышты өлім - есіл ердің елеусіз, бодаусыз жападан-жалғыз өлуі де.

О.Бөкей, Қайдасың, қасқа құлыным

Ал шырын мырзаларының тобына басқа ру есебінен еріксіз иеленіп, зорлықпен ғана ұстап отырған жайылым, шабындық жерлерді кесілген, келісімге де бодау төлеуге мәжбүр болған біраз шонжар, оның ішінде пайғамбардың ақ сәлделі екі ұрпағы - Ақ Мұхамед пен Еш-Мұхамед те қосылғанда шынымен кейіді.

М.Мағауин, Аласапыран

 

САФ (САП)

Таза, кіршіксіз, мөлдip, қоспасыз

Мысалдар:

Саф алтыннан айбалтаң,

Шұға еді жанқалтаң

Сүйінбай шығармасынан

Онымен сезімді тазалыққа иіргендігіңді кәміл ыхласыңды көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында халық көрер, сыртымды да пәк етемін һәм көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін

Абай, Отыз сегізінші қара сөз

Саф күмістей жарқырап 

Тыныш жатқан тұнық су. 

М.Жұмабаев, Жазғы таң

Сап даналық жолының өзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам ақылы жетерлік те, жетпестік те жағын зейінге салады.

А.Байтұрсынұлы, Əдебиет танытқыш

Сарыарқаның саф ауасы мен сары қымызы Шоқанды біржолата жазып жібермесе де, бір ай шамасы уақыттан кейін, ол кәдімгідей көтеріліп қалды.

Б.Соқпақбаев, Қайдасың, Гауһар?

Сап ақшадан төрт жүз теңге жұмсалып, шарға түскен уақытта Нұрпейіске он тоғыз шар, Сәрсенбайға он төрт шар шығып, біздің жаңа талап босқа қалды.

М.Дулатұлы шығармасынан

 

МЕЛДЕК

Кеңірдек, тамақ

Мелдектеу — шамадан тыс тою

Мысалдар:

Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,

Батқандай мелдегінен нұрға қалқып.

С.Торайғыров, Шілде

Албан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін қонақжай ел

Ш.Мұртаза, Қызыл жебе

Өтірік қияпазданып, мелдегінен шыға тойып, ықылық атып отырған адамдай, қолымды тамаққа батыра алмаймын

С.Жүнісов, Өшпейтін іздер

Күшіктің бөлтірікке айналар кезінде оларды қансоқтыға мелдектетіп, жондандырып өргізбек болды

Т.Әлімқұлов, Шежіре

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 19 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: