00:14 Көркем сөздің құдіреті | |
ДҮРК Тез, жылдам, кенет, бірден, қауырт. Мысалдар: 1. Қазiр сол Құнанбайлар өздерi де үн салып, аттарын борбайлап, еңкейе шауып жөнелiп бердi. Арттағы еркек, әйел, бала-шаға топтары да сол сәтте дүрк жөнелiстi. (М.Әуезов, Абай жолы: 1 том) 2. Ақыры Құнанбай орнынан тұрды. Барлық жиын да дүрк тұрған едi. Бұл жерде Құнанбай көп сөйлеп созған жоқ. (М.Әуезов, Абай жолы: 2 том) 3. Қытай өкіметі Оспанмен тіл табыспақ болып, бұл-шайын артып-ақ барған екен, жіберген елшілерін қырып тастапты да, бір түнде дүрк көтеріліп, Бәйтік асып кетіпті. (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш)
ҚОҢСЫ 1. Көрші, сыбай, ауылдас. 2. Күнкөрісі нашарлау, әл-ауқаты аз адамдар. Мысалдар: 1. Оның өз атының басына салған әбігері қоңсы отырған көрші ауылдарға да мазасыздық әкелді. (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер: 1 кітап) 2. Ақберген – Жанболаттың жан жолдасы. Бала жасынан бірге өскен қашаннан бергі қоңсысы. (Ж.Аймауытов, Ақбілек) 3. “Осы үйді сорлы қылуға мен себеп болдым-ау” деп, адам боп, қойшының, қоңсының қызы боп жаралғанына өкінді. (Ж.Аймауытов, Күнікейдің жазығы) 4. Оның маңындағы қараңдаған, жапырайған он шақты үй – Қайдардың қоңсысы – малшы-малайының үйлері. (Б.Майлин, Азамат Азаматович)
МҰҚЫМ 1. Бүкіл, түгел, күллі, дүйім; 2. Тіптен, мүлдем, біржола. Мысалдар: 1. Тарбағатай тауының күншығысынан ыңырана көтерілген ай мұқым әлемді ақ сүт сәулеге орады. (О.Бөкей, Өз отыңды өшірме) 2. – Олар да көрсін, атағың сонда мұқым қазаққа тегіс жайылады, – деген. (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз) 3. Әділ сайға түскен бойы етек-жеңін мұқым түрініп алды да, жүгіруге ыңғайлана беріп, артындағы жолдастарына қарады. (Ә.Сәрсенбаев, Жауынгер монологі) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |