09:48
Көркем сөздің құдіреті

ҚЫТЫМЫР

1. Қатыгез, қатты, қатал;

2. Сараң;

3. Суық, аязды, ызғарлы.

Мысалдар:

1. Бұл кісі отбасында қаншама ызақор, қытымыр  болғанымен, тым тамақсау.

(Заманбек Жәкенов, Таң самалы)

2. Жас та болса, қытымырлығы айқындап, ас пен дүниеге сараң бола бастаған.

(М.Әуезов, Абай жолы)

3. Қабағын түйген қытымыр  күннен қаңтар айының таяу тұрған ашу кәрі сезіледі.

(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер)

 

ЫЛДИ

1. Өрге қарама-қарсы, еңіс, құлама, құласын;

2. Ойпат, ойдым, ойыс.

Етістік түрі: Ылдилау — төмен қарай жүру, еңістеу.

Мысалдар:

1. Дамылдауын дүр безіп,

Құз ылдида сырғанап,

Тау қойынын жүр кезіп,

Туырлықтай ту-қанат.

(М.Мақатаев, Мұзбалақ [Бауыржан Момышұлына])

2. "Өшіңді ал!", "Ел өшін ал!", "Ердің өшін ал!", "Абайдың, Абайдың өшін ал!", "Кімнің көз жасы жоқ еді!", "Кім қорлық көрмеп еді Оразбайдан!", "Қапта, қалың ел" – деп, Бозбиіктің басынан ылдиына қарай, ойынан қайта лаулап, өріне қарай жаңағы сөздер жалындай шалқыды.

(М.Әуезов, Абай жолы)

3. Бұл таудан ағатын бұлақ, бастаулар мол сулы болғандықтан, ылдилап бара түскенде өзенсымақ боп кетеді.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

ЛОБЛУ

1. Жүрек айну, лоқсу;

2. Беймаза болу, күптену, күдіктену.

Мысалдар:

1. Айжан сол қызына ауырғаннан айықпай, жүрегі лоблып лоқси берді, бірақ қанша лоқсыса да құспады.

(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз)

2. Үш жігіт тізе қосып айқасқан шағында жүректері лоблыған жоқ. Артындағы қалың шоғыры да жауға қарсы, Бостандарға қатарласа аттан салып араласа берді.

(М.Әуезов, Абай жолы)

3. Тек ақын жігіт дәптерді алып, өз столына қарай кетіп бара жатқанда көңілі лоблып қоя берді.

(Т.Ахтанов, Дала сыры)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 46 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: