10:34
Көркем сөздің құдіреті

БОЛБЫР

1. (зат/денеге байланысты) Бос, босаң, болжыр, шымыр емес;

2. (адам мінезіне байланысты) Ынжық, жасық, жігерсіз, былжыр.

Мысалдар:

1. Тимофей Федорович болбыр, іркілдек денесіне қарамастан, жеңіл жүзіп, көлдің ортасына дейін барып қайтты.

(З.Шашкин, Сенім)

2. Мен сізге сеніп жүруші едім, сөйтсем, қолынан іс келмейтін болбыр командирлердің бірі екенсіз ғой.

(Б.Момышұлы, Москва үшін шайқас)

3. Оны әлi өзiнiң шерiгiне де татымайтын, бос, болбыр бала көретiн.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

ТҮЙСІНУ

Сезім арқылы қабылдау, білу, сезіну, түсіну.

Сөз тіркес: Түйсіну ағзалары/мүшелері

Зат есім түрі: Түйсік

Мысалдар:

1. Көрге бiрге, имандай таза арманым боп кетсiн. Асығыңмын, сол асық күйде көзiмнiң жасын жұтам да кетемiн, жаным! – дедi.

Абай бар ынталы жүрегiмен түйсiнгендей болды.

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Өз көңіл күйіндей тербеп, түйсініп жүрген бір сұлу әуен.

(З.Қабдолов, Жалын)

 

ӘМІСЕ

Әрқашан, әрдайым, ләйім (лайым), үнемі, ылғи, ұдайы.

Мысалдар:

1. [Жамбыл сөзі]: Атама әкем тегі. Әмісе жолың болғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екенсің. Атаң да жақсы, атың да жақсы босын десем дегендей екесің, Мағаш мырза!

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Алдияр тақсыр, мәртебеңіз өсе берсін! Төре баламның әмісе жолы болсын! - деп үлкен жер қорушы қолын жайып, батасын берді.

(С.Бегалин, Бала Шоқан)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 55 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: