21:49
Көркем сөздің құдіреті

ДАҚПЫРТ

1. Өсек, алып-қашпа сөз, дәлелсіз сөз;

 2. Шулы хабар, әңгіме;

3. Қалыптасқан пікір, атақ, лақап

Мысалдар:

Сөйтіп күннен-күнге оның атына тағылған дақпырт молайып, атағы дүр деп бір тараған-ды.

(К.Оразалин, Көктем);

Құр пәленше пәлен етіп жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбін ойлау керек.

(А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам)

 

ЛЕПІРУ

1. Бөсіп сөйлеу, мақтану;

2. Құтыру;

3. Қызу, күшею;

4. Желігу, желпіну;

5. Бұлқыну;

6. Толқу/көбік шашу (өзенге қатысты).

Лепіріс яки лепірме сөз.

Мысал:

Затында мылжыңдау, көбік ауыз мақтаншақ Шымырбай бүгінгі әйеліне сатып әперген шәлісін айтып, лепірудің ретін таба алмай қиналып, мазасы кетті.

(Б.Тілегенов, Көктем)

 

ЖЫЛПОС

1. Пысық, епті, жылпың, жылмақай;

2. Ширақ, жүрдек;

3. (ауыспалы мағынасы) Арам, қу, айлалы

Мысал:

Қалтай аса пысық, сөзге ұста, қалжыңқой, әсіресе Ақанның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы, әрі жылпос, әрі тілді ер жігіт еді.

(М.Әуезов, Қараш-қараш оқиғасы)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 65 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: