МЕШКЕЙ
Тойымсыз, обыр, қомағай, оңаза
Сияз деген мол шығын. Ол, көп елдiң қалың даугерлерi келiп орнайды деген сөз. Осы елдiң жуан, семiз мешкей билерi, күндiз – түстiк, кешке – қонақ асы жеп, асықпастан ай жатады деген сөз.
(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)
Өзінше мешкей атақ ілініпті,
Бұл мінез жұртқа тегіс білініпті.
Күніне екі-үш мезгіл ет жейтін боп,
Өткізген енді солай тірлікті.
(М.Дулатов, «Алаш» партиясына қосылмаған ақынға)
Астаулап тегенелеп, қазан-қазаннан буын бұрқыратып түсірген етті талтаңдасып, дедектеп бір жерге жинай бастады. Ақсақалдар, мешкейлер пышақтарын суырды.
(Ж.Аймауытов, Қартқожа)
Жер қайтып сен, қойның толы өліктерден арылдың?
Маскүнемдер әлегінен, әлегінен жуан-жуан, мешкей, семіз қарынның?
Қоңырсыған қою етті қайда құрттың, нағылдың?
(М.Мақатаев, Осы бір шірінді — құнар)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|