1. ЖІБЕК, МАНАТ, БИҚАСАП
Тегеріші манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге де кірер ме екенсің?
(Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан жас, Ақтан жас)
Биқасап шапанын жамылып <...> табалдырықтан аттады.
(Ж.Аймауытов, Ақбілек)
---
2. ДҮРИЯ, БАТСАЙЫ, ШАҒИ
Оның iшiнде келiнге жасау тiгiлетiн батсайы, мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған.
(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)
---
3. МАҚПАЛ, БАРҚЫТ
Ұлықтар отыратын екі биік стол қатар қойылын, үстіне алалы мақпал жабылыпты.
(М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)
<...> қыпша беліне мықынын оя тіккен қызыл барқыт оқалы пешпенті жарасып-ақ тұр.
(І.Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар)
---
4. СӘТЕН, ЛӘМБӨК
Оң жақта темір кереует үстінде, аспан түстес көк сәтенмен тысталған үш жастық.
(Ғ.Мұстафин, Өмір не өлім)
Жылтырақ жамылғаны қара ләмбөк,
Басында селкілдейді ноғай телпек.
(X.Ерғалиев, Көбік шашқан)
---
5. БӘТЕС
Алтынайға ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады.
(Ж.Аймауытов, Ақбілек)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|