НОЙЫС
Дойыр мінезді, дөкір, дөрекі, тоңмойын.
Мысалдар:
- Ержетіп, ел ұстауға жарап қалған інісін нойыс ашумен қорқытып, өр кеудемен баспақ.
(Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін)
- Сәл жеңіл қимылдасаң нетті, жазығы қамал алуды үйреткені ме? Нойыс неме, менің ойымды дұрыс түсінбегенсің ғой.
(І.Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар)
- Бастығымыз Ерден деген қатыгез, нойыс, тоңмойын, қатал жан еді.
(З.Шашкин, Ақбота)
- Тыныбай болса жалтақ, Көксеген болса бір беткей, нойыс.
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр)
- Қолына түссең, оңдырмайтыны айдан анық. Мінезі шадыр, нойыс адам.
(С.Жүнісов, Өшпейтін іздер)
- – Жарықтық, ә, жарықтық! – деп оятты. Анау бір нойыстау пәле екен.
(Ж.Молдағалиев, Сарыарқаның сүйіктісі)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|