06:21
Көркем сөздің құдіреті

САРАБДАЛ

1. Байсалды, салмақты, біртоға;

2. Тәжірибелі, кәнігі, ысылған.

Мысалдар:

  1. Асқа сонша сараң Нұртазаның үйі киім-кешек, төсек-орынға да аса сарабдал.
    (С.Мұқанов, Өмір мектебі: 1 кітап)
  2. Ежелгі қазақтың кең-мол пішілген дарқан мінезі, аңғал табиғаты, даланың өзеніндей асықпай айдындана ағатын ақылы Еуропаның сарабдал білімділігімен ұштасқаны байқалады.
    (Ш.Мұртаза, Қызыл жебе: 4 кітап)
  3. Көктің көлінде қымыз екеш қымызды есепсіз бермейтін сарабдал Шәкеннің Mақашқа бере беруі де, Мақаштың сұрай беруі де есепсіз емес-ті.
    (Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін)
  4. Ол қайта көп ойлап, көп толғайтынды, төңірегінде болып жатқанды сананың сарабдал елегінен еткізіп, шұқшия талдайтынды шығарған.
    (Ә.Кекілбайұлы, Самғау мен құлдырау)
  5. Ендеше уақытша табысқа мастанбай, қысылтаяң күндерден ықпай, бірқалыпты сартап, сарабдал мінез сақтаған жөн.
    (Дүкенбей Досжан, Қыдырдың құбылысы)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 267 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: