00:35
Көркем сөздің құдіреті

БАСЫР

1. Көз ауруы; көзге ақ түсіп, көрмей қалуы;

2. Еш нәрседен хабарсыз, бейхабар

Мысалдар:

  1. Көп азап шегіп, зарығып жүріп Тройцкідегі медресеге кіреді. Бірақ оқып жүрген кезінде көзі басыр болып ауырады.
    (М.Әуезов, Сұлтанмахмұт)
  2. Көзінен басыр болып жатып алды. Сонда түсінде аян беріпті: "Менің айтқанымды істеп, ауруыңды қаратсаң жазыласың, әйтпесе көзіңнен айрыласың",
    (Б.Майлин, Иелі ауру)
  3. Танытпады надандық Сократты,
    Гомерді де көп ғасыр тоқыратты.
    Көзім басыр болса да, ойым көргіш
    Мен де ақын ем өзіндей сол бір қарттың.

    (Ж.Молдағалиев, Мен — қазақпын)
  4. Бұл кешеден бері қап-қараңғы киіз үйдің ішінде бүркеніп, басыр болып жатып-жатып, қай жақтың шығыс, қай жақтың батыс екенін де ұмытып қалыпты.
    (Ә.Кекілбайұлы, Үркер)
  5. Ақан үйде басыр боп қалай отыра бермек. Ертең құдай жазып, Құлагер бәйгенің алдын алса, қарауылдың атын шығару деген сол емес пе?
    (С.Жүнісов, Ақан сері: 1 кітап)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 234 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: