15:17
Көркем сөздің құдіреті

ШҰБАҚ

Тізбек, қатар.

Мысалдар:

  1. Жүзден астам алдында салт аттылар,
    Арт жағы шұбақ түйе көрінеді.
    (С.Мұқанов, Сұлушаш)
  2. Ұзын шұбақ көш әлгілердің соңында жосылып қалған ат тұяғының ізімен жүріп келе жатқан-ды. Екі ауылдың ер-азаматы алысқа ұзамаған.
    (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер: 2 кітап)
  3. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ.
    Қызыл кітап —
    Мезгілсіз кеткендердің
    Бастарына қойылған қызыл шырақ!

    (Қ.Мырзалиев, Қызыл кітап)
  4. Олардың соңынан елшілер әкелген сыйлықтарды көтеріп келе жатқан сарай қызметшілерінің ұзын-шұбақ тізбегі көрінді.
    (Ә.Кекілбайұлы, Аңыздың ақыры)
  5. Бұдан соң Дәурен ұзыннан шұбақ бір әңгіме Дәурен еге кетеді. Бүгінде өз бригадасында істеп жүрген Байғуатов деген біреуді Дәурен бала күнінен біледі екен.
    (З.Қабдолов, Ұшқын)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 260 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: