10:39
Ислам және медицина

ТҮЙЕ ЗӘРІ ДӘРІ МЕ?

Ежелде медицина қазіргідей дамымаған уақытта, залалсыздандырғыш заттар пайда болмай тұрғанда, арабтар өз жараларын жас түйенің несебімен стерилдеген, дене әлсіреп, іштегі ауырсынуды сезгенде олар түйе зәрі мен сүтін ішіп, дерттерінен жазылатын болған. Соған қарағанда бәдәуилер тіс ауырса да, іш ауырса да түйе зәрін қолданған. Түйе зәрімен басын жуып, қайызғағын кетіріп, битінен арылады екен. Мұрын қуысын шайып, көз ауруын емдеу үшін ішіп, денеге шығатын сыздауық пен кейбір жараларға жағады екен.

«Түйе зәрі дәрі ме?» деген сұраққа Ислам тұрғысынан келер болсақ, Имам Мәлик, имам Ахмад, Имам Бұхари, Мухаммад бин Хасан әш-Шайбанилер «таза» деген. Имам Шафиғи ауыр «нәжіс» десе, Имам Әбу Ханифа, Имам Әбу Юсуфтар «жеңіл нәжіске» жатады деген. Түйенің зәрін «таза» дейтін ғалымдар мына хадисті дәлел ретінде келтіреді. Әнас ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құзырына Ғарина және Ғуқалдан бір топ кісі келді. Оларға Мәдина қаласының ауасы жақпай, ауырып қалды. Пайғамбарға (с.ғ.с.) өз жағдайларын айтып шағымданған кезде: «Садақа үшін берілген түйелерге барып, сүті мен зәрін ішіңдер», - деді. Олар солай жасады және жазылып кетті...» - делінген (Имам Бұхари мен Муслим). Егер түйенің зәрі нәжіс болғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны ішуге бұйырмайтын еді. Ханафи мәзһабында Имам Әбу Юсуф осы хадиске сүйене отырып, түйе зәрін емдік мақсатта қолданса болады деген. Ал Имам Ағзам Әбу Ханифа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Зәрден сақтаныңдар, өйткені қабір азабының көпшілігі соның себебінен» (Дарақұтни), - деген хадисін келтіре отырып, түйенің зәрін нәжіске жатқызып, оны ішуге болмайды деп үкім берген. Жоғарыдағы «түйенің сүтін және зәрін ішіп емделіңдер» деген хадиске, «Зәрден сақтаныңдар» деген риуаятпен үкімі жойылған немесе оны Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол қауымға ғана арнап айтқан жеп түсіндіреді.

Ал медицина тұрғысынан келсек, түйе зәрі жайында кең көлемде заманауи ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді деп айту қиын. Араб елінде локальді (жергілікті) зертханалық талдаулар болғаны жайында интернет желілерінде азды-көпті жаңалықтар жазылған. Олар түйе зәрін зертханалық талдау нәтижесінде 1 литр түйе зәрінің құрамында мынадай заттектер барын анықтаған: ақуыз (оның ішінде, әсіресе альбумин), азот, несепнәр, креатин, зәр қышқылы, креатинин, натрий, калий, кальций, магний, темір чынды маңызды минералдар мен химиялық элементтер көптеп кездессе, мыс, мкүміс, мырыш сынды ауыр металдар өте аз дәрежеде екен. Жидда қаласының абдул Азиз атындағы Сауд Арабия университетінің ғалымы абудррахман әл Каршити соңғы айтылған алтын, күміс, платинум мен мырыш секілді ауыр металдардың молекулярлық мөлшерін зерттеп, түйе зәрінде аз кездесуі кездейсоқ емес екенін жеткізді. Зерттеу қорытындысы зәрдегі әлгі ауыр металдардың нанобөлшектері адам ағзасындағы қатерлі ісікке қарсы әсері барын дәлелдепті. Бірақ сұйық күйінде ішуді көп адам құп көрмегендіктен, олар оны құрғақ затқа айналдырып, кішкентай құтыға құйып таратады екен.

Патша университетінің тағы бір Ахлям әл-Авады атты дәрігері түйе зәрінің саңырауқұлақ пен бактерияларға әсерін зерттеген. Зерттеу нәтижесінде түйе зәрінен «Вазарин» деген препарат жасалған. Препарат кең спектрлі антибиотик ретінде қолданылуы мүмкін және де ол саңырауқұлақтарға, бактерияларға, ашытқы бактерияларға қарсы, экзема, аллергия, қабыну, жарақат, күйік, псориаз, тырнақ және саусақ саңырауқұлағы деген тері ауруларының емінде өз тиімділігін дәлелдеді. Бұл препарат жоғары дәрежелі қауіпсіздігімен, жанама әсерінің жоғымен, төмен бағада болуымен танымал. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 28 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: