11:02 Ислам және медицина | |
ХИДЖАМА vs ДОНОР Көрші Ресей Федерациясында Висцералды терапевттер ассоциациясы әр жыл сайын практикалық конференциялар өткізеді екен. Жиынның 2015 жылғы кезекті саны ижевск қаласында болған. Сонда Г.В.Вахрушева атты терапевт, гирудотерапевт «Хиджама в висцеральной терапии» атықырыбында мастер-класс өткізіпті. Оқу-сауықтыру орталығының бас дәрігері психоневролог әрі терапевт О.Гуреева да хиджама жайында семинар оқыпты. Залина Зугаева (Германия) атты дәрігер болса, «Метод хиджама, как самостоятельный метод, так и дополнительный в висцеральной практике» атты семинар-тренинг өткізіпті. Ресейдің астанасы Мәскеуде хиджамаға байланысты ең алғаш тұсаукесер Жалпы мемлекеттік конференция өтіпті-міс. Ал мұсылмандардың төл зерттеулерін қарастырсақ, мысырлық дәстүрлі медицина ассоциациясының мүшесі, дәрігер Ахмет Рызқ Шәрәф назарға ілігеді. 20 жылдан артық физиотерапия мен реабилитацияны хиджамамен байланыстырып зерттеген ғалым, хиджама жайында арнайы «Пайғамбар медицинасы болған хиджама ғылыми негіздері» атты кітап жазып шығыпты-мыс. Тек кітап жазып қоймай, науқастарды емдегенде сынақ жүргізіпті. Өз еңбегінде хиджаманың әсері эпилепсия ауруында, тері ауруларында, омыртқа ауруларында (остеохондроз) өте деген тұжырымға тоқталыпты. Қант диабеті, артериалды гипертензия сияқты ауруларды түптамырымен құлантаза емдейді екен. Тіпті қатерлі ісіктерді (соңғы стадиясынан басқа( де толығымен жазады депті. Бірақ осы бір соңғы тұжырымға араб дәрігері, кардиохирург Халид әл-джүбәйр келіспейді. Өзінің бір сұхбатында «белгілі бір ауруларды емдеуі мүмкін, бірақ бүкіл ауруға шипа деп байбалам сану негізсіз» дейді. Адамзат тарихына көз жүгіртер болсақ, адам тәнінен қан шығу үрдісі бөтен болмаған. Соғыстарда, жаугершілік кезеңдерде, аңшылықта адам ағзасынан аздап болсын, кішігірім жарақаттар себебінен қан аққан. Ол қауіпті емес-тін. Керісінше, ағзада «іркіліс» қан болмайды. Уақыт өте келе, қауіпсіздік азайып, төтенше және қысылтаяң уақыттар артта қалып, жайлы өмір орнағалы адам ағзасы да экстрималды ситуацияларға аз түсетін болды да, іркілісті аурулар көбейе бастады. Олардың ең қауіптісі – атеросклероз бастаған жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы, асқазан-ішек жолдары шлактары, подагра ауруы, ұйқы безі мен бауыр қызметінің бұзылысы, зат алмасу процесінің нашарлауымен ұзын тізбек жалғасады. Қайсыбір зерттеулер көрсеткендей, екі тарапты қатар тыңдап, зерделеп, ағзамызға сынақ жасатып, қорытынды жасағандаймыз. Аса сақтықпен тазалық шараларын қатаң сақтай отырып, хиджаманы жақсы меңгерген маманға жасату өте пайдалы әрі сауапты амал. Бұл Пайғамбар сүннетінің донорлық қан тапсырудан ағзаға болатын әсерімен бірдей. «Жүз мәрте естігенше, бір рет жасап көр» демекші, қанаты сөзге амал ету арқылы ақиқатқа жетуге болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |