10:51 Ислам және медицина | |
ХИДЖАМА vs ДОНОР Ойға келетін алғашқы «хиджама» шынымен пайдалы ма? Ағзаға қандай әсері бар? Хиджаманың мынадай функциялары айқындалған деседі:
Қан алдыру тәсілі арқылы көптеген ауруларды емдеуге болады екен:
Ендігі мәселе: хиджама жасайтындар қан тапсыруды құп көрмейді, ал медицина мамандарының кейбірі хиджаманы құптамайды. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайтыны секілді, медицина қызметкерлерінің бұл мәселеге күмәнмен қарауына себеп болған-ау. Мысалы, жақында жаңалықтан жас келіншектің осы хиджаманың кесірінен қаланың бір клиникалық ауруханасына түскені жайлы айтылған еді. Сонда екі-үш мәрте қан алдыртқан әйелде гемоглобин деңгейі 20-ға дейін түсіп кетіп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.»Хиджама барлық ауру түрлеріне ем бола бермейді», - дейді мамандар. Асқынып кеткен немесе жаңа заман індеттері саналатын ЖИТС (СПИД) пен онкология ауруларына хиджама көмек бере алмайды екен. Адам жеңілдік сезінуі мүмкін, бірақ толыққанды айығып кетпейді. Ескеретін жайт, хиджаманы белгілі бір тәжірибесі бар мамандарға жасатқан жөн. Себебі оның жасалу жолдарын білмейтін адам керісінше адам денсаулығына зиян келтіреді. Әсіресе, денеден бөлініп шыққан қан адамның ағзасына кетіп қалудан сақтану керек. Хиджама жасауда денеде арнайы белгілі нүктелер болады. Аурудың бетін қайтару үшін сол нүктелерді айқындау қажет. Себебі кез келген нүктеден қан алу адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Хиджама жасаған кезде санитарлық талаптар қатаң сақталған жөн. Қан арқылы гепатит сияқты түрлі аурулар жұғуы мүмкін. Хиджаманы қан қысымы төмен, аурудан енді айыққан, әсіресе отадан кейінгі адамдарға, қант диабеті мен бүйрек ауруына шалдыққандарға, әйелдерге жүктіліктің алғашқы 4 айында жасауға болмайды. Дұрыс жасалмаған хиджаманың соңы қатерлі болуы мүмкін. Елімізде хиджама жасаушыларға арнайы лицензия берілмейді. Сондықтан дәрігерлер секілді ресми жауапқа тартылуы екіталай. Денсаулық сақтау министрлігінен хиджама туралы сұрағанда: «Ғылыми негізі бар немесе ғылыми тұрғыдан дәлелденген, бірақ Денсаулық министрі қарастырмаған қызмет түрлері медициналық қызметтерге кірмейді. Сондықтан мұндай жағдайларда жауапкершілікті азаматтардың өзі алады. Қазіргі уақытта осы салада қандай да бір жоспар енгізу немесе оған тыйым салу қарастырылмаған» деп, хиджаманың қызмет көрсету түріне жатпайтынын және оған кепіл берілмейтінін айтқан болатын. Соңғы уақыттары әлем назары хиджамаға бұрылды, әсіресе батыста дәрігер мамандар арасында осы хиджамаға қызығушылық күн санап артуда. Дәстүрлі (ресми) медицинаның мамандары зерттеу керек деген ниет білдіруде. Қан ағызу тәжірибесі кейбір британдық ауруханаларда ойық жаралы колит пен басқа да ішек ауруларын емдеу үшін қолданылады. Мысалы, Берлиндегі Immanuel Hospital ауруханасында артық салмағы бар 60 науқасқа қан алдыру бойынша зерттеу жүргізілген екен. Бақылау нәтижелері бойынша осы науқастардағы қан қысымы орташа есеппен 18 мм.с.б.б. төмендеген екен. Бұл дегеніміз қазіргі заманғы препараттарды қолданғаннан екі есе әсерлі болып шықты. Сонымен бірге қандағы «жақсы» холестерин деңгейі төмендеген. Басқа зертеулерде қант диабетімен ауыратын адамдар қан алдырған кезде олардың қант деңгейі төмендеген. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |