11:02
Ислам және медицина

ХИДЖАМА vs ДОНОР

Қан алдыру – көнеден келе жатқан әдіс. Әйткенмен, қан алдыруға қазіргі скептиктер мен күмәншіл адамдар, тіпті медицина мамандарының арасында да сын көзбен қарайтындар бар. Соңғы кезде қан беру мен қан алдыру деген бір-біріне қарсы екі «ұғым» қалыптасқан. Біріншісі: қан беру – донорлық. Бұл белгілі бір медициналық орталыққа (Қан беру орталығы) өз еркіңмен барып, арнайы медициналық тексерістен өткеннен кейін деніңіз сау, қаныңыз нақты талапқа сай болса, «өзге науқастарға пайдасы тиер» деген ниетте белгілі мөлшерде қан тапсыру. Дәрігерлер қан алу процесін аяқтағаннан кейін біраз тынықтырып, шоколадын, шайын беріп, қашан, қанша қан алынғаны туралы мөрленген қағазбен үйіңізге қайтарады. Әлдебір науқасқа қан қажет болып, сіз тапсырған қан жарап жатса, бұл – үлкен сауап. Республикалық қан орталығының ресми сайтында былай жазылған: «Фин ғалымдары қан алдыру миокард инфаркты болу қаупін 88%-ға төмендететінін айтады. Мамандар атап көрсеткендей, қан алдырып, денедегі артық темірден арылған ер кісілерде жүрек-талма аурулары тоғыз есе аз кездеседі. Ал адам ағзасында темірдің көптігі инфарктқа жол ашатын көрінеді. Бұған қоса, темір – денедегі процестерді тотықтыру-қалпына келтіру катализаторы болып табылады. Қан алдыру – денедегі темірді азайтып, атеросклероз ауруына шалдықтырмайды».

Қан тапсыру артықшылығын зерттеген ДСҰ мәліметіне сәйкес, донорлар қан тапсырмайтындарға қарағанда 5 жыл артық өмір сүреді екен. Бірінші себеп – қызыл қан түйіршіктерімен қатар ақ қан түйіршіктері де жоғалады емес пе? Ал ақ қан түйіршігі (лейкоцит) – ағзаға түскен бөтен бактериялар мен вирустарға қарсы күресетін иммундық жүйенің ең негізгі құрылымы.

Ал екінші себеп – донорлық қан тапсыру кезінде 350-450 мл қан алынады, егер қан тапсырушы жылдар бойы қан өткізіп жүрген болса, оның ағзасында әр ай сайын қан тапшылығына бейімділік қасиеті жоғарылап, жаңадан жас қан жасушаларын өндіру қызметі үнемі шындалып тұрады. Міне, осы механизм шындалған адамда, кенеттен қан жоғалту болса, қауырт жағдайда сол баяғы механизм дереу іске қосылып, қан тапсырмайтындарға қарағанда өміршеңдігі басым болады.

Әлгі әңгімемізді жалғастырсақ, екі кереғар ұғымның енді бірі – Пайғамбар сүннеті болған хиджама. Хиджама – денедегі терінің беткей қабатын қандай да болсын затпен тіліп, қан шығару әдісі. Қанмен қатысы бар бұл емдеу шарасы туралы дәстүрлі медицина (халықтық ем-дом( мен ресми медицина ортақ келісімге келе алмай жатыр. Негізінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) емдік мақсатта денесінен жиі-жиі қан алдырып, үмбеттеріне соны өсиет етіп кеткен.

Хадистерде: «Шипа үш нәрседе: бал ішуде, хиджама жасатуда (қан алдыру) және отпенен күйдіруде. Алайда үммтімді күйдіруден тыямын» (Имам Бұхари).

«Жәбірәйіл (Оған Алланың игілігі болсын) маған қан алу – адамдарды емдеудің ең жақсы әдісі екенін хабарлады» (Сахих жәмии ас-саға-218).

«Ақиқатында, қан алу – сауықтырады» (Имам Бұхари, Мүсілім);

«Егер де сіздерден біреулеріңіздің қаны тасыса, одан қан алу қажет, қан тасыған жағдайда адам өліп те кетуі мүмкін» («Силсиләтул-ахадисис-сахих», 6/562, №2747).

Қанның тасуы деп отырғаны – қан қысымының көтерілуі. Қазіргі медицина тілімен айтатын болсақ, артериалды гипертензия жайында.

«Ашқұрсақ кезінде қан алдырған жақсы. Ол ақылды толықтырады, адамның есте ұстау және жаттап алу қабілетін жақсартады» («Сахих сунан Ибн Мәжә», 2810) (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: