11:11 Ислам және медицина | |
ПСИХОЛОГИЯ vs ДІН Ұйқы мен өлім жайында хадистерде: «Ұйқы – өлімнің бауыры»; «Дәретпен ұйықтаған адамның рухы Алла Тағаланың Аршына таман көтеріледі» (Табарани). «Дәретті халде ұйықтаған пенденің рухы Аршқа таман көтерілетіндігі себепті, көрген түсі тура болады. Дәретсіз жатқан пенденің рухы Аршыға шыға алмайды. Ол көрген түс Адғас-ул ахлам деп аталған жалған шығатын болар-болмас түс» (Имам Ғазали). Бірде бір кісі келіп, Пайғамбарға арғы дүниеде ұйқы болатыны жайында сауал тастағанда, болмайтынын айтқан. Сөзін жалғап: «Ұйқы – өлімнің бір түрі, ал жұмақта өлім болмайды», - деп жауап берген. Әбу Қатада (р.а.) былай деп әңгімелейді. Сахабалар ұзақ бір жолда Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) үзіліс жасап, мызғып алуды сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Намаз уақытын ұйықтап өткізіп аламыз ба деп қорқамын», - деп қорқынышын жеткізеді. Сол кезде Біләл (р.а.): «Мен оятамын», - деп күзетші болуға келіседі. Барлығы ұйқыға кеткенде, Біләл да еріксіз ұйқы бой берместен қалғып кетеді. Сәл уақыттан кейін күн шығып, Аллаһтың елшісі (с.ғ.с.) Хз.Біләлдан: «Неге сен уәдеңде тұрмадың? Неге бізді оятпадың?», - деп сұрағанда, Ол: «Мені сондай шырт ұйқы қысқаны соншалық, ей, Алла елшісі, бұрын-соңды бұндай болмаған», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Аллаһ тағала қалаған кезде (ұйқыда) олардың жанын алып қалады, қалағанын (жанын) кері қайтарады. Ей, Біләл! Намаз оқу үшін азан шақыр», - деп бұйырды (Бухари, Муслим, Муватта, абу дауд, Тирмизи, Насаи). Адам жанының ұйқы кезінде денеден шығып кетуіне қатысты сұраққа кей ғалымдар жауап іздеп көрген. «Иззуддин Әбдүс-Салам мынадай түрде қарастырады: «Әрбір денеде екі жан бар. Біріншісі – адам рухани ояу кезде денеде болған «рухул-яказа». Ұйқы кезінде бұл адам денені тастап, жер жаһанды аралайды. Екінші рух – «рухул-һайат», ол Алланың еркі бойынша, сол адаммен өмір бақи бірге болады, сол адаммен бірге жейді, ұйықтайды, яғни үнемі қасында болады. Ұйқыны өлімнің бір түрі, ал оянуды тірілу деп қабылдау керек. Хз.Лұқман баласына: «ұлым, өлімге күмәнің бар болса, ұйықтама! Ұйықтауға мәжбүр болып қалатыныңдай, өлімге де душар боласың. Егер бірілуден күмәнданатын болсаң, ұйқыдан оянба! Ұйқыдан оянғаның сияқты өлгеннен кейін де тірілесің» дегендей еш күмәнсіз қабылдау керек. Жағдай қиындайын деп, іс насырға шабайын дегенде адам дал болады. «Психологқа баруға кеш, бірақ педиатрға көріну ерте» кезде қайтпек керек? Бұл кезде психотерапевт көмекке келеді. Бұл маманның ерекше ұстанымы бар. Психотерапия деген психолоия мен медицинаның қосындысынан шыққан ғылым болғандықтан, оның да кейбір аспектілеріне тоқтала кетуді жөн көрдік. Психотерапия мен діннің бір-біріне деген көзқарасы туралы мәселе баяғыдан қалыптасқан. Егер Зигмунд Фрейд өзінің төл еңбегін «психоаализді» дінге қарсы қойған болса, Фрейдтің әріптесі Карл Юнг адам жанын сауықтыруда психотерапевтер мен діни қызметкерлердің күш-жігерін біріктіруге шақырған. «Дін дегеніміз – ол да психотерапиялық жүйе. Біз, психотерапевтер, немен айналысамыз? Біз адамның сана-сезімін, психикасын алабөтен ойлардан тазартамыз, тіпті жанын жегідей жеген азаптан арылтамыз, бірақ дін де осы мәселені шешпей ме? Сондықтан Раббымыздың өзі – емші; Ол – дәрігер; ол ауруды және рухтың ақауларын емдейді және біз осыны психотерапия деп атаймыз». Э.Фромм да өзінің «Психоанализ және дін» атты еңбегінде психотерапия мен діннің діттеген мақсаттары бір екені жайлы айтады. Психотерапиямен, психокардиологиямен және тарнсмедитациямен дін бірігіп, ұштасып, синтез құрып, яғни симбиоз болып, адам жанын тазалап, рухын асқақтату арқылы оның тән саулығын қарастырады. Осы жолдағы нағыз универсал әрі таптырмас құрал – ол Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадис-сүннеттері. Мұсылман адам күнделікті Құран оқуды әдетке айналдырса, сүннетке сай өмір сүрсе, онда ешқандай да медитацияның да психологтың да, психотерапевтің де қажеті шамалы болады. Алла Тағала көптеген аяттарда адамды өткеніне ой жүгіртіп, тереңнен ойлануға, өз ақыл-ойын іске қосуға шақырады. Ислам – бұл барлығына соқыр санамен қарайтын емес, адамдарды ойландыратын, пікірлесуге шақыратын Алланың кемел діні. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |