22:57
Ислам және медицина

ПСИХОЛОГИЯ vs ДІН

Психология кітаптарындағы «жан» туралы мәліметтерді ақтарғанда, ислам дінімен келіспейтін тұстарды байқаймыз. Мысалы, белгілі ғалым, психолог Қ.Жарықбаевтың «Жантану негіздері» атты кітабын ақтарғанда мынадай пікірге тап боламыз:

«алғашқы қауымдық кезеңдегі адамдардың түсінігінде «жан» адам денесінен айқын білінбейді. Бұл көзқарастар тіршілік құбылыстары мен сананы ғылымға дейінгі қарапайым материалистік талдау нәтижесінде қалыптасты, оның ішінде ұйқы, өлім, т.б. Осындай құбылыстардың себебі мен сырын түсіндіре білмегендіктен алғашқы адамдар оларды шындықтың мәні ретінде қабылдады. Мәселен, түс көруді жанның ерекшеліктерімен түсіндіруге ұмтылды, түс кезінде жан адамның денесін тастап, әлемде сапар шегетінін түсінді. Алғашқы адамдарда өлім өмір үрдісінің ең соңғы кезеңі екені туралы түсінік болмады. Сондықтан да өлім түс көрудің түрі ретінде қабылданды. Бұл жанға тәуелділік туралы түсініктер алғашқы адамдардың табиғат алдындағы әлсіздіктеріне байланысты қалыптасты.

Тағы бір қызық дерекке тоқталсақ, профессор Әбен (Әбдіәлі) Алдабергенұлы Нұрмановтың түс жору жайында мына пікірі:

«Ертедегі тайпалар адам ұйықтағанда оның жаны кеудесінен шығып кетеді деп ойлаған. Сондықтан шырт ұйқыда жатқан адамды оятуға болмайды деп есептеген. Өйткені «саяхаттап» жүрген жан өзінің несіне қайтып келуге үлгере алмай қалады-мыс».

Неге біз психологияда түс туралы айтылған тұстарды сөз еттік? Себебін айтар болсақ, Ислам ақиқаты бойынша, адам ұйқыға кеткенде шынымен өледі, яғни жаны денесінен шығып кетеді. Оған мысал ретінде Құран аятында Алла Тағала: «Ол (Алла) сондай түнде сендерді өлтіреді (яғни ұйықтатады). Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгіленген мерзім өтуі үшін (ұфқыдан) қайта тірілтеді. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жақ. Одан кейін Ол істеген амалдарыңды түсіндіреді» (6:60), - деген. Аятты ашықтасақ, ұйқыда адамдардың рухы алынады, бірақ түбегейлі емес, басқаша бір өзіндік көріністе уақытша тәннен шығарылады. Бұл қажет болса, Алла Тағаланың қалауымен біржолата іске асып, оның арты өлімге айналуы мүмкін. Немесе рух тәнге қайтып, адам бейне бір қайта тірілгендей болып ұйқыдан оянады. Жағдайдың бұлайша өрбуін Құранда Алла Тағала тағы да қайталап: «Алла өлер уақытта жандарды алады (бұл – үлкен қаза, яғни өлім). Ал өлмегендердің (жандарын) ұйқыда алады (бұл – кіші қаза). Сосын (ұйқыда) өлімге үкім етілгендердің (жандарын( ұстайды (бұл ұйқының өлімге айналуы) да, басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін жібереді (бұл кезде адам ұйқыдан қайта оянады). Сөз жоқ, мұнда ойланған ел үшін белгілер бар» (39.42), - деп сипаттаған. Яғни адам ұйқыда жатқанда, кіші өлім (ұйқы( үлкен өлімге айналып, тән тіршілігін тоқтатуы мүмкін. Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың әмірімен бір рухтар ұсталып, қалғандары белгілі бір мерзімге дейін қайтарылады. Сондықтан да біз жатар алдында мына дұғаларды оқуға тиіспіз:

«Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхя», яғни «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз».

«Әлхәәмду лилләәһил ләзии ахъйәәнәә бәъд мәә әмәәтәнәә уә иләйһин-нущуур». Мағынасы: «Бізді өлтіргеннен соң қайта тірілткен Аллаға шүкір» әрі біз Оған қайтушымыз» (Имам Бұхари).

 Тағы бір дұғада: «Субханәкә Рабби, уадаъту жәнби, уә бикә арфаъуһу, ин әмсәктә нәфси фағфир ләһә, уә ин әрсәлтәһә фахфазһә бимә тахфазу биһи ъибәдәкәс-салихин (Сен Пәксің, Раббым, бір бүйіріммен жаттым және Сенімен оны көтеремін. Егер менің жанымды ұстасаң, оны кешір, ал егер жіберсең, оны өзіңнің ізгі пенделеріңді сақтағаныңдай сақта)». (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: