00:15
Ислам және медицина

ДӘЮС vs ҚЫЗҒАНШАҚ

Аммар бин ясирден (р.а.) жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үш кісі еш уақытта жәннатқа кірмейді: «Дәюс, еркекшора әйел және араққа салынған маскүнем» - дейді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі (с.ғ.с.) маскүнем кім екенін білеміз, «дәюс» деген кім?» - деді. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Отбасына кімнің кіргеніне мән бермейтін адам», - деп жауап берді.

Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қызғаныш иманнан, ал бейқамдық болса екіжүзділіктен», - деген (Байхаки, Баззар).

Қызғанышқа біржақты қарауға болмайды, ол екі жұп арамындағы қарым-қатынасты жақсартып, екеуара берік байланысты қалыптастырса, кейде керісінше жағдайды күрделендіруі мүмкін. Біздің тақырыпқа тұздық болған осы – екіншісі, яғни қызғаныштың зардабы. «Әйелдер ерлерге қарағанда көбірек қызғанады, бірақ ерлер қызғанатын болса, бұл сезімді басынан ауыр өткереді екен», - деп жазады «Айқын» газеті.

Психологтардың пайымдауынша, қатты қызғану әдетке өз-өзіне сенімсіз, өзін толыққанды жетілген адам санамайтындардың немесе керісінше, өзіне-өзі өте сенімді келетін және екінші адамды «жекеменшігі» көретіндерден көп байқалады екен. Жөн-жосықсыз қызғана берудің өзі адамды ауруға шалдықтырады. Қызғаншақтықтың ауыр формасы кезінде, адам өзінің жай-күйін объективті түрде бағалай алмайды, қызғануға әр нәрсені себеп қылып ойлап тауып отырғанын өзі де сезбей қалады. Қызғаныш кейде адамның психикалық ауытқуына алып келеді. Адамдарда 15-20% қызғанудың қалыпты жағдайдан ауытқыған түрі көбірек байқалады, бұл ауыр психоздың белгілерімен сәйкеседі. Шындығында, адамдардың шамамен 3-5%-ы психологиялық тұрғыда қызғаныш дегеннің не екенін білмейді екен. Бірақ мұны жақсы қасиет деп те бағалауға болмайды. Себебі, адамның мұндай мінезін психологотар эмоциялық қаталдықпен және сезімталдыққа берілмейтіндігімен байланыстырады.

Қызғаныш көбінесе ер адамдарда кездеседі. Олар жоқ жерден ілік іздеп, қызғануға себеп тауып тұрады. Адамның ақталғанын өзінің қалауынша топшылайды. Статистикаға сүйенсек, қылмыстық әрекеттердің 20%-ы осы қызғаныштың салдарынан орын алады екен.

Жалпы жөнсіз қызғаныш адамның өмірін қысқартады, бұл ғылымда нақты дәлелденген. Өйткені уайым мен күйзелістен қызғаншақтардың қан қысымы көтеріліп, жүрек ауруы пайда болады.

Күнделікті өмірде кездесіп жататын ерлі-зайыптылардың ажырасуының басты себебі неде? Біріншісі – метариалдық жетіспеушілік пен жоқшылықтың кесірінен туындаған жанжал, екіншісі – қызғаныш, үшіншісі – бір-бірінің көзіне шөп салу әрекеттері жұптардың ажырасуына әкеледі. Кез келген нәрсенің шегі болатыны сияқты қызғаныштың да мөлшерлі шегі болуы тиіс. Орынсыз және шектен тыс қызғаныштың жаман мінезге айналары сөзсіз. Бұл жағдайда қызғаныш адамның өзіне де, отбасына да жақсылық әкелмейді.

Хадисте. «Қызғаныштың Алла Тағала құп көретіні және жақтырмайтыны бар. Тәкаппарлықтың да Алла Тағала ұнататын және ұнатпайтыны бар. Алла Тағала құп көретін қызғаныш себеппен болғаны. Ал себепсіз қызғанышты жақтырмайды. Алла Тағала ұнататын тәкаппарлық соғыс алаңында болғаны, ал байлығы және дандайсуы себепті болғанын жақтырмайды», - деп айтылған екен (Ахмед).

Орынды қызғану – ер адамның азаматтығының белгісі. Тек адам мінезіндегі бұл әдет шегінен асып кетпеуі керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 42 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: