09:49 Ислам және медицина | |
КЕНЕТТЕН БОЛАТЫН НӘРЕСТЕ ӨЛІМІ мен ШІЛДЕХАНА Ішпен жату жаңа туылған нәрестелерде күтпеген нәресте өлімі синдромын арттырады. Ол үшін бір емес, бірнеше ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жасалынған. Кенеттен болатын нәресте өлімі синдромы нәрестелерде тыныс алудың тоқтауымен бір жасқа дейінгі болатын өлім. Себеп-салдарына көп ғалымдар анасының темекі тартуы мен салауатты өмір салтын ұстанбауды жатқызған. Көптеген шетелдік зерттеулерде ішпен жату баланың ерте өліміне әкелетіні байқалған. Бірақ нақты себебі әлі де болсын анықталмады. Бүкіл әлем педиатрлары, неанатолог дәрігерлері мен ғалымдары кенеттен болатын нәресте өлімі синдромының себептеріне бас қатыруды. Сан түрлі болжамдар қарастыруда. Ал біз осы тақырыпқа тұздық болатын болжамдарға тоқталайық. Айта кететін жайт, кейбір ішек-қарны әзер жетіліп келе жатқан нәрестелерде жел қату, іш қату симптомдары болса, бала ата-ана бақылауымен ғана ішпен жатқызылады. Сол гипотезалардың біреуіне сәйкес, нәресте жатырлық кезеңдегі жағдайын түсінде көреді екен де, өкпемен демалу орнына «кіндікпен демалам» деп, өкпе тыныс алуды тоқтатады екен. Бұл үдеріс Батыс елдері, Таяу Шығыстан яһудилер елінде және кәрі құрлықта көптеп кездеседі. Ал сандарды сөйлетсек, 2016 жылғы санақта америка педиатрия академиясының статистикасында, тек қана АҚШ елінің өзінде жылына 7000-9000-нан аса нәресте осы синдромнан ажал құшады екен. Ұлыбритания елінде 212 нәресте көз жұмған. 10000 нәрестеге шақанда немістерде – 8; көрші орыстарда – 4; еуропалықтардан шведтер – 5; италиялықтар – 10. Екінші гипотезада, нәрестелерде бұл өлімге бейімділік жатырда қалыптасады екен. Бірақ қалай және қашан екені әлі ғылымда белгісіз. Құранда: «Әй, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріне тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөьек түрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің (бірден) қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әртүрлі көркем өсімдік өндірді» (22:5), - делінген. Құранның өзі осы кенет ажалды болжап кеткендей, аятта жатырда бала дамып, дүниеге келе сала, қайтадан раббысына қайтатынын жеткізген. Оған шетінеуді де жатқызуға болады. Әлгі ғылымға белгісіз нәубет әлмисақтағы оқиғамызды еске салады. «Раббың Адамның бүкіл үрім-бұтағының беліндегі ұрпақтарын шығарып алып, оларды өз-өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» - дегенде, барлығы бірауыздан: «Әлбетте, біз бұған куәлік етеміз!» - деп жауап берді. біз мұны қиямет күні: «Расында, біз бұдан бейхабар едік», - деп сылтау айтпауларың үшін істедік» (7:172). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді», - делінген. Әбу Һурайра Алла елшісінен мынадай хадис жеткізеді: «Әр сәби дүниеге келгенде жаратылысқа сай туады. Сосын: «Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан, аятын оқыңдар», - деді. Сөзін әрі қарай жалғастырып: «Баланы ата-анасы яһудейге немесе христианға не болмаса отқа табынушы мәжусие айналдырады. Бұл тұп-тура малдың мүшелерін бүтін күйінде туған төліне ұқсайды. Сендер кеспей тұрып құлағы кесік туған төл көріп пе едіңдер?». Осы кезде тыңдап отырғандар: «Уа, Алланың елшісі, бүлдіршін кезінде көз жұмғандар туралы не айтасыз?», - деп сұрады. Алла елшісі: «(Өмір сүргенде) қандай амал жасайтыны бір Аллаға ғана аян», - деп жауап берді». басқа хадисте: «Сөйлегенге дейін осы дінде болмаған ешбір сәби жоқ», - дегені немесе тағы бір хадисте: «Бақшаның қасындағы ұзын адам Ибраһим (ғ.с.) айналасында балалар болады. Бүкіл балалар мұсылман халде жан тапсырады», - дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Мүшіріктердің балалары ше?» - деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «мүшіріктердің балалары да», - деген. Келтірілген Құран-Кәрім аяты мен Хадис-Шәрифпен нәрестенің кенет ажал құшуын не байланыстырады? Неліктен кішкентай ғана кіршіксіз жан иесі себепсіз ажал құшады? Біздің пайымдауымызша, дүниежүзі ғалымдары қарастырған іздеген мәселе, физиологиялық жағдайға байланысты емес, рухани әлемге байланысты екен. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |