09:46 Ислам және медицина | |
ШЫБЫН ЖАН Қазақта қатты ауырып, мазасызданғанды, аурудың жанға батқанын білдіретін «шыбын жанын қоярға жер таппады» деген тұрақты тіркес бар. Адамның қатты қорқуы – «шыбын жаны мұрнының ұшына келді», «шыбын жаны көзіне көрінді» сынды тіркестермен сипаттамасы. Ал «шыбын жанын шүберекке түйді» деп – жан ұшырып, жанын аямаған адамның әрекетін айтады. «Шыбын жаны шырқырады» - безек қақты, бебеуледі дегенді білдіреді. «Шықпаған шыбын жан» - адамның құр сүлдері қалғанын, кейбір тұста қажырлылығын аңғартса керек. Тізе берсек ауызекі мұндай фразеологизмдер көп. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін кәдімгі шыбынға теңеген. Яғни сана затқа айналады. Халқымыздың шыбын жан деген сөзі осындай ұғымнан туындаса керек. Адам жанының салмағы қанша? Ғылым дамыған сайын жер бетінде, тіпті, аспан әлемінде адам баласына белгісіз құпия қалмай барады. Оқымысты ғалымдар адамның тәнімен бірге «жанына» да үңіліп жүр. Мәселен, адамның дене мүшелерін көзбен көріп, қолмен ұстай алғандықтан, оның массасын анықтау қиын емес болса, америкалық ғалымдар «жанның» салмағын өлшеудің де әдісін әлдеқашан тауып қойыпты. Күні бүгінге дейінгі зерттеулердің нәтижесінде осы мәселеге бар ынтасымен кіріскен әр елдің ғалымдары бірауыздан «адам «жанының» таза салмағы 2,5-22,4 грамм аралығында болады» деген тұжырым жасаған. Мұндай «қызық тақырыптың» тереңіне алғаш бойлаған (оған дейін зерттегендер туралы мәлімет жоқ) АҚШ дәрігері Мак-дугала 1915 жылы «Good News» журналына зерттеу мақаласын жариялайды. Мак-Дугала өмірден күдерін үзген 6 бірдей науқасқа арнайы кереуеттер арқылы тәжірибе жасаған. Өмір мен өлім арасында жатқан, жаны алқымға келген әлгі 6 науқастың алдымен соңғы демі шығар тұстағы және жан тапсырған сәттегі салмағы өлшенеді. Сөйтіп дәрігер Мак-Дугала және оның әріптестері алты науқастың да салмағы өлімнен кейін 22,4 грамға жеңілдегенін анықтап, адам «жанының» салмағы соншалық деген қорытынды шығарады. Одан беріде Литва ғылым академиясының ғалымдар қауымдастығының ғалымдар қауымдастығының нақты ғылымдар докторы Эугенюс Кугистің жетекшілігімен өлім аузында жатқан адам ағзасына зерттеу жүргізілген. Нәтижеде зерттеушілер жан тапсырған адам ағзасы 3-тен 7 гармға дейін салмақ жоғалтқанын анықтайды. Адам «жанының» нақты салмағын өлшеуге ғалымдардан бөлек, қарапайым тұрғындар қатысқан зерттеу Швецияда өтіпті. 23 адам өз еркімен қатысқан зерттеу жұмысында ғалымдар өте сезімтал, иненің жасуындай заттың да салмағын өлшейтін арнайы таразы-кереуеттерді пайдаланған. Сөйтіп олар өмірмен қош айтысып жатқан адамның салмағы 4-6 грамға жеңілдейтініне көз жеткізеді. Ал АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Кук аймағында орналасқан госпиталь реанимациясында өткен зерттеуге таңғалмау мүмкін емес. зерттеу барысында өлім сәтінде адам ағзасы 9-12 грамм шамасында салмақ жоғалтатыны анықталған. Сонымен қатар юұл көрсеткіш «клиникалық өлім» жағдайында да қайталанған. Бірақ, ең қызығы, дәрігерлер «клиникалық өлімнен» тірі шыққан адам ағзасының массасы қайтадан қалпына келетінін байқаған. Осыдан он жыл бұрын дүние салған Оңтүстік Африкадан шыққан әйгілі ғалым, «Супер табиғат» және «Өлім биологиясы» секілді танымал туындылардың авторы Лайэлл Уотсон адамның «жаны» оның (ағзаның, тәннің) «биоплазмалы сыңары» деген тұжырым жасаған. Оның зерттеуінше, адам «жанының» массасы 2,5-6,5 грамға сәйкес келеді. Бұл зерттеулердің барлығы ХХ ғасырға тиесілі. Ал жаңа ғасырда аталмыш мәселені жапондар зерттеп көрді және нәтижесін жаһанға жариялады. Жапон ғалымдары жаңа технологиялардың көмегі арқылы 2 әдіс бойынша зерттеу жүргізген. Біріншісі, ХХ ғасыр ғалымдары сияқты өлім сәтіндегі және жан шыққаннан кейінгі ағза салмағын өлшеу, екіншісі, адамның жүрегі тоқтаған сәттегі денеден шығатын «елестің» ауадағы салмағын өлшеу. Осылайша, күншығыс елінің ғұламалары адам «жанының» салмағы 3-9 граммаралығында болады деген қорытындыға келді. Қазақта «шыбын жан» дейтін сөз тіркесі бар, адамның демі үзілген сәтін «шыбын жаны кеудесінен ұшып кетті» деп жатады. Шыбынның салмағы да осыншалықты шығар, өлшеп көрген кім бар дейсіз?! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |