10:35 Ислам және медицина | |
БОЙ ЖАСАУ Адамның өлім халін ғылыми тұрғыдан зерттеген мамандар да аз емес. солардың бірі америкалық психологтар мен австралиялық ғалымдар хал үстінде жатқан, дәрігерлер өлім алдындағы жандар деп үкім шығарған, ажал жастығына бас қойған, яғни суішерлігі таусылуға жақын қалған бірнеше мың адамның жағдайын зерделеп, олардың өзін қалай сезінетінін зерттеп көрген екен. Біреудің ажалы оттан, енді біреудікі судан, тағы бірінің ажалы аудуан демекші, бұл арада кенеттен, яғни қандай да бір апаттан емес, өз «ажалымен» бақилық болғандар қаперге алынған. Ғалымдар дәм-тұзы таусылуға жақын адамдарға бір ғана «Өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сауал қойған. Нәтижеде науқастардың көбі аз жауаптарында мына жағдайларды баяндаған. - Ежелден сезінбеген рахатқа шомады; - Ғажайып дауыстарды естиді; - Қараңғы үңгірге еніп бара жатқандай болады; - Өз денесін толығымен сезіне алады; - Өз сөзін басқалар естімейді; - Денесі тоқтаусыз тәнінен бөлініп, қайта бірігіп жатады; - Барлық мүшелері ауырсыну мен сезінуді жоғалтады; - Жалғызсырайды; - Басқалармен хабарласуға амалсыз қалады; - Айналасына белгілі-белгісіз адамдар жинала бастайды (қасында ешкім жоқ болса да солай сезінеді); - Ең соңында аппақ жарық пайда болады; - Бүкіл ғұмыры көз алдынан өтеді; - Басқа бір әлемге кетіп бара жатады. Ақтық сапары алдында тәжірибеге қатысқандардың біразы ауруды сезінбейтінін жеткізген. Жартысы жан шыдатпас аурудан қиналатынын айтып үлгерген. Үштен бір бөлігі шаршағаннан болатын күйзелісті бастан кешкенін баяндаса, қалғаны асқа деген тәбеті жоғалғанын жеткізіпті. Ішінара жүректері айнып, тыныс алуы қиындайтынын әрі іші ауыратынын айтқандар да бар. Осыларға қарап, қазақ айтатын «Бой жасау» ұғымының қаншалықты рас екендігіне көз жеткізуге болады. Бой жасау – ауру адамның бақиға аттанар алдында бір сәтке сергуі, өзін дерттен айыққандай сезінуі. Хал үстінде жатқан науқастың бойын жиып, көңілі көтеріліп, кейде тіпті тілге келіп, ас-су ішіп, жүріп-тұратын кезін жақындары «ақырғы бой жазуы ма екен» деп жатады. Бой жасау – адамның тіршілік шырағы өшер алдында ақырғы қуатын танытатын қысқа сәт. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |