10:55 Ислам және медицина | |
ӨЛІМНІҢ РУХАНИ және МЕДИЦИНАЛЫҚ ТҮСІНІГІ «Өзекті жанға бір өлім» демекші, өлмейтін пенде, өшпейтін жарық жоқ. Ажал біреуге ерте, біреуге кеш келеді. «Өмір бар жерде өлім де бар» делінетіні де содан. Қамшының сабындай мына бес күндік ғұмырда ажалды еске алмай, мәңгі жасардай, еш қаперсіз күн кешетін пенделер бар. Белгілі бір ғалымның «Өлетінін біліп жүріп, күлетін адамға таңғаламын» дегеніндей, қу нәпсі ажалды ойлағысы келмейді. Өлімді ойламау өлімнен құтқармайды. Еш пенде қашып құтыла алмайтын және түптің түбінде келмей қоймайтын өлім туралы толымды біліміміз болғанда ғана ажал алдындағы қорқыныштан арылып, бұл дүниеден кейінгі беймәлім әлемге дайындық жасай алмақпыз. Ғылымда өлімді зерттейтін медицина ғылымы – танатология. Ажалмен арпалысып, аурудың бетін қайтаруға талпынатын шараларды қарастыратын ғылым – реаниматология. Әр пенденің ажалы – хақ. Ажалдан ешкім құтыла алмайды. Қасиетті Құранда: «Жер бетіндегі барлық нәрсе пәни, яғни өткінші...» (55:26). «Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады» (3.185). «Расында сендер қашқан өлім; ол, сендерге кездеседі» (62:8), - деген аяттар өмірдің өткінші екендігін, әрбір жан иесі өлетіндігін, өлімнен ешкім қашып құтыла алмайтындығын анық, ашық айтып тұр.
Адамның ақтық деміне қатысты ғылыми көзқарас Ақтық дем – адамның жан тапсырар алдындағы соңғы демі, соңғы тынысы, кеудеден жаны шығар сәт. Адамның кеудені керіп шығатын сондай ыстық соңғы тынысы. Адамның ақтық демі кезіндегі айтқан тілегі бұлжытпай орындалуы тиіс. Ақтық демі шыққан кезде иман айтып, кәлима оқылады, қол-аяғын түзеп, сіресіп, бүгіліп қалмауы қадағаланады. Көз жұмып, иек қаққан соң адамның бой кіретін алдырып, таза киіз төселіп, кеудесіне қара тас қойылады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |