10:21 Ислам және медицина | |
СТРЕСС Соңғы жылдары жалпы ғылымдар будандастығы да белең ала бастады. Оған мысал ретінде психокардиологияны алуға болады. А.Б.Смулеевич пен А.Л.Сиркиннің айтуынша, кейбір науқастарда ауру тек психосоматикалық сценарий бойынша жүреді. Негізгі себептер – эмоционалдық тұрақсыздық, ашушаңдық, қобалжу, т.с.с. олар ұсынған техника, яғни ауторегуляция арқылы емдеу. Дәл сол секілді «психотерапия – миокард инфарктісінің қайталануын бодырмауға көмектеседі» дейді Uppsala Академиялық клиникасының оқымыстылары. Когнитивті мінез-құлық терапиясы деген де альтернативті жолдар бар. Осының арқасында 400-ге жуық науқас өздерінің ағзасы мен мінез-құлқына кері әсер ететін ойларды болдырмауға үйренген екен. Трансцендентальдық медитация деген тағы бір стресспен күресетін құрал шықты. Висконтин медициналық колледжінің (АҚШ) зерттеушілері Daily Mail сайтына сілтеме жасай отырып, «жүрек талмасы (инфаркт) қаупін екі есе төмендетуге болады» дейді. «Жүрегі ауыратын науқастар күніне екі рет 20 минут трансмедитация тәжірибесін жасаса, инсульт, инфаркт не басқа да сырқаттардың асқынулары 48%-ға төмендейді» деп жазады тілші Anna Hodzhkiss. Ал негізінде, ғалымдардың біразы бұл ешқандай әсері нақты дәлелденбеген жай ғана «бетперде» дейді, яғни ғылымның атын жамылған ағым (секта) деп баға бергендер бар. Біздің қоғамда психолог, психотерапевт сынды мамандарға барудан көп адам ыңғайсызданады. Сөйтіп жүріп ауруын асқындырып алады. Стрессті әркім әртүрлі қабылдайды және әртүрлі күреседі. Біреу эмоциясын сыртқа көрсетсе, біре білдірмей, ішінде ұстайды. Эмоцияны іште ұстау да зиянды. Ол түрлі ауруларға алып келуі мүмкін. Егер адамның екі аптадан артық көңілі құлазып, тұрақтанбаса, тамаққа тәбеті болмаса, түнді ұйқысыздықпен өткізсе, өзін мазалаған ойлардың шеңберінен шыға алмаса, міндетті түрде психолого не психотерапевт маманға көрінгені дұрыс. Күйзеліспен күресе білу адамның өзіне, ақыл-ойы мен парасат пайымына да байланысты. Қазақтың «болған іске болаттай бол» деген мақалының да түбі тереңде. Қайғы-мұң келсе сабыр сақтап, күйзелістің құрдымына түспеу, өз бойымыздағы иманымызға тікелей байланысты екенін көрсетеді. Сонда ғана жанды ауртатын тауқыметке қарсы тұра білеміз. Бүгінгі қоғам әлсізді аяусыз ажалға итермелеп, мықтысы ғана алға ысырылып шығатын жыртқыштар аренасына айналғандай. Айналамызда сырты бүтін болғанымен, жаны күйзеліп, онысын сыртқа білдірмей, көп ойдан басын көтере алмай жүргендер қаншама?! Мұндай жандарға жылы сөзімізбен демеу болып, күйінген сәтінде қасында болсақ, қанша түйір дәріден жан жылытар жылы сөздің шипасы басым екені анық. Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |