21:34 Ислам және медицина | |||
КЕНЕТТЕН ЖҮРЕК ТОҚТАУЫ Адам баласының жүрегін рухани тұрғыдан алғанда сау жүрек және дертті жүрек деп қарастыруға болады. Ендеше рухани әрі физикалық түрде жүрек дерттерінің табиғатын бағалап көрелік. ХХІ ғасырда жан аурулары алдыңғы қаратға шықты. Кейбір пенделердің Аллаһтың аяттарын түсінуден сырт қалуы, уағыз-насихаттарға құлақ аспай, жалған пәтуаларға бой алдыруы және күнә істеуде шектен шығуы салдарынан жүректері қатайды. Пайғамбарлар арқылы жіберілген иләһи хабарларға жүрегін тарс жауып, оларды естімеу үшін бар күшін салып, осы әрекеттерінің салдарынан адамдар рухсыз, имансыз, мейірімсіз бола бастады. Күн тәртібіне қайтадан сол баяғы аса қауіпті тажалдар оралды. Олардың көшін ЖИТС, АҚТҚ, қатерлі ісітер мен обыр секілді қатерлі дерттер бастаған еді, енді кенеттен болатын жүрек тоқтауы да алдыңғы қатарға шықты. Кенеттен келетін жүрек өлімі – ХХІ ғасыр қасіреті. Бұл өлімді әлемнің сан түрлі ғалымдары мен зерттеушілері, дәрігерлері жан-жақты зерттеуде. Біз бұл мәселенің шешімін басқа қырынан, яғни діннен іздеп көрдік. Кенеттен жүрек тоқтауы – аяқ астынан болатын өлім, жүректің бірер уақыт ішінде белгілі-белгісіз себептерден қызметін күрт тоқтатуы. Физиологиялық және психикалық қалыпты жағдайда жүрген адамның ешқандай күдікті белгілерсіз, аурудың алғашқы симптомдары басталғаннан 1 сағат ішінде қайтыс болуы. Көптеген зерттеулерде адамның кенеттен жүрек тоқтауы салдарынан қайтыс болғанын мәйітті патологиялық ашудан соң мрофологиялық субстраттар арқылы көруге болады. Негізі, бұл қасіретке жүректің ишемиялық аурулары әсерін тигізетіні белгілі болды. Тізбелеп айтар болсақ. Инфаркт, стенокардия, мылқау ишемиялар кенеттен жүрек тоқтауына әкеледі. Осы бір кенеттен келетін өлім 20% жастардың спортпен айналысу уақытында, кейбір адамдар ұйқыда жатқанда, ал енді бірінде бізге белгісіз әртүрлі себептерден болады екен. Кенеттен жүрек тоқтауының алдын алу үшін тез арада медициналық көмек көрсете білу керек. Көп жағдайда аурулардың 75-80%-ы ауруханаға жетпей-ақ қайтыс болады. Оның нақты себебін ғалымдар әлі анықтаған жоқ. Дегенмен, ізденіс шаралары, түрлі ғылыми-практикалық зерттеулер үздіксіз жасалып келеді. Алланың аяттарына зер салсақ, Құранда былай делінеді: «Құдайды еске алуда жүректері қатайған пенделерге қандай өкінішті. Олар ашық адасуда» (39:22). «Расында кәпірлерді ескертсең де, ескертпесең де бәрібір (ескерту оларға пайда бермейді). Олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректері мен құлақтарына мөр басып, бекітіп тастаған. Көздерінде де перде бар» (2.6-7). «Олардың жүректерінде ауру бар. Алла олардың ауруын күшейте түседі» (2:10). Байқағаныңыздай, бұл ажал бекерден-бекер емес. құранда олардың сырты сау болғанмен, іші таза емес деп айқын жазылған. Іші деп – рухани кедейлік меңзелген. Жүректің кенетен тоқтауы дамыған елдердің тұрғыдарында жиі кездеседі екен. Батыс елдерінде, ағылшындар мен мұхиттың ар жағындағы силикон жазығының тұрғындарында жиі ұшырасады. Жұдырықтай жүрек, «насос» секілді қанды қуалай беретін «мотор» ғана емес, ол – сезім патшасы, көңіл орталығы. Физикалық түрде саумын деп ойлап жүріп, көп адам неге өліп кетеді, себебі рухсыздыққа, имансыздыққа, ұятсыздыққа жол береді. Қалыпты жағдайда жүрек мүлдем тыным алмайды, тіпті ұйқыда жатқанда да жұмыстың жалғастыра береді. Ол қашан демалады? Қашан тынығады жүрек жақсы сөздермен және иман нұрымен шомылғанда тынығып, демалады. Міне, сондықтан Құранда анық түрде баяндалған: «Біліп қойыңдар! Жүректер тек Алланы зікір етумен ғана орнығып, тыныштық табады» (13:28). Алла елшісі де дәл осы ауруларды болжағандай, Әнәс бин Мәликтен жеткен хадисте: «Қиямет қайым жақындағанда кенет өлімдер көбейеді» - деген (Табарани). Хадистегі «мәутул фәджа» дегенді тікелей аударатын болсақ, кенет өлім деп аурудың атын нақты атап айтқан екен. Медицинада енді ашылған бұл ауруды пайғамбар бұрын айтып кеткені өте таңғаларлық жағдай. Мұғжиза! (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |