11:50
Ислам және медицина

ОРАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Алла Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер тарту еткен. Әйелдердің жалпы болмысы, қоғамдағы, отбасындағы орны ер азаматтардан қашанда өзгеше. Әйел адам етегін қымтап, ары мен ұятының күзетшісі болып, абыройының аяқасты болмауына жол бермеу арқылы өзіндік мәртебесін сақтай алады. Әйел әрдайым көркем мінезімен, аналық мейірімімен, еріне деген ізеттілігімен қымбат. Осы орайда оның орамал тартып, ұзын көйлек кигені – өзінің нәзіктігі мен сұлулығын басқалардың сұқ көзінен сақтауына сеп болады. Бұл жөнінде Құран Кәрімде «Нұр» сүресінің 31-аятында айтылған: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларының ойықтарын жабатындай етіп тықсын...» - делінеді. Демек, әйелдер үшін басты орау, шашты көрсетпеу парыз.

Ал ерлер үшін тақия кию сүннет, себебі пайғамбарымыз басына сәлде, қалпақ, тақия кигенді ұнатушы еді.

Басты бүркемелеуге медициналық жақтан қарайық. Басты жабу, бүркемелеу, не орау арқылы күн өтудің алдын аламыз. Бастан күн өту – көбіне жаз мезгілінде орын алады. Күн сәулесінің бас аймағына тікелей әсер ету себебінен болады. Мұнда бірінші кезекте ми қан тамырларының кеңеюінен орталық жүйке жүйесіне зақым келеді. Күн өткенде дене күюі де мүмкін. Күн өтудің белгілері: әлсіздік, бас айналу, асқанған жағдайда – құсу, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі (40 градусқа дейін), терінің қызаруы, тахикардия (жүрек соғуының жиілеуі). Бастан қатты күн өткенде адам тіпті, сандырақтап, көзіне әлденелер көрініп, психомоторлық қозуға ұшырауы мүмкін. Егер науқасқа тез арада медициналық көмек көрсетпесе, өліп кетуі де ықтимал. Осы себепті тақия, орамал не хиджаб кию пайдалы.

Көптеген дәрігерлер ыстық күнде бас киім киіп жүруді, күн өткізіп алмауды ұсынады. Керек десеңіз, «Ыстық микроклиматқа тап болған қызметкерлер еңбегін қорғау институтының ұсынған құжатында басқа жеңіл киім кию керектігі кеңес ретінде берілген.

Медицина саласының өзінде арнайы медициналық бас киімдер бар. Ол «шевчик» не «калпак» деп аталады. Бұл орамалдың альтернативті түрі десек те болады. Әртүрлі медициналық процедуралық шараларда: ине егу, инвазивті әдістер мен манипуляцияларда, ота жасау кезінде шаш үнемі жиналып, бас жабық әрі изоляцияланған болу керек. Әйел адамның шашы көп түсетіндіктен, орамал не хиджаб кисе, санитарлық нормалар сақталады.

Осы орайда Халықаралық бас аурулар жіктемесі (классификациясы) жайлы айтар болсақ, осы жіктемені 2018 жылдың жазында қайта қарау барысында жалпы жіктемелерге алғаш рет эксклюзив ретінде «әуе рейсінен туындайтын бас аурулары» деген жаңа түрін қосты. Жалпы бас аурулары жайында диагноздар классификацияларында (жіктеулерде) арнайы топ бар. Ол жерде бір ғана бас аурудың 264 түрі бары айқындалған. Мысалы, бірнешеуін айтар болсақ: бас сақинасы (мигрень), энцефалопатия, бас ми гипертензиясы, күштемелі бас ауруы, тензионды бас аурулары, қатерлі-қатерсіз ісіктер мен обырлар, миға қан құйылу (инсульт), бас-ми жарақатынан кейінгі асқынулар т.с.с. нозологиялар, яки синдромдар жатады.

Әрине, Алланың әмірін тек пайда екен деп орындау дұрыс емес, біздің мақсат сол әмір пендеге неге парыз етілгеніне бір уақыт көз жеткізу. Алла Тағаланың міндет еткен парыздарының мән-мағынасын әр мұсылман түсіне орындап, осы жолда салихалық танытып, өз иманының күзетшісі бола білсе құба-құп.  

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 81 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: